Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ-ны алдын алу

Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ-ны алдын алу

Наурыз Мейрамы мерекесiн өткiзу кезiндегi өрт қауiпсiздiк шаралары

Наурыз — көктемгi жаңарудың мерекесi, өмiр мерекесi. Бұл күнi адамдар мерекенi қауiпсiздiкте қарсы алғанын, мейрамды күннiң күңгiрпеуiн қалаймыз. «Наурыз Мейрамын» дайындау және өткiзу кезеңiнде отбасылық амандықтың белгiсi болып табылатын шаңрақтың үстiнен от жалынының шықпауы, ал қазақтардың ежелгi тұрғын үйлерi күлге айналмас үшiн, киiз үйлерде өрт қауiпсiздiк талаптарды мiндеттi түрде сақтау қажет.

Сондықтан киiз үйде қатаң өртке қарсы режимiн (электржылытқыш және газды құралдарды пайдаланудың тәртiбiн анықтау, өрт қауiпсiздiгiне жауапты тұлғаларды тағайындау) орнату қажет.

Киiз үйде жарықтандыру мен жылыту үшiн көбiнесе электр қолданылатындықтан, электржелiсi мен электрорнатуларын қауiпсiз пайдалануын қамтамасыз ету, ақаулықтарды жоюға шараларды уақытылы қабылдау қажет.

Температураны қолды және автоматты реттеумен жабық жылыту элементтерi бар зауытта шығарылған электржылытқыш құрылғыларды пайдалануға жол берiледi. Берiлген құрылғы жанғыш материалдардан 0,5 метрден кем емес жерде орнатылуы қажет. Оны қараусыз электр жүйесiне қосулы күйiнде қалтыруға тыйым салынады.

Қысқа тұйықталудан және басқа да қалыпсыз жұмыс режимiндерден қорғау үшiн электрқабылдағыштардың кесiмдi тоғына есептелген сақтандырғыштарды (автоматты сөндiргiштер) қолдану керек. Есте сақтаңыз, тасталған темекi тұқылы мен сөнбеген сiреңкеден бiр емес, бiрнеше тұрғын-үй өрттенген болатын, ал киiз бұл тұрғыда да осал болады!

Киiз үйлерде және оларға жақын жерде ашық отты пайдаланбаңыз. Көбiнесе киiз үйде асты пiсiру немесе оны жылыту үшiн газды құрылғы пайдаланады. Ал бұл — қауiптiң ықтимал қайнар көзi болып табылады, сондықтан оны қолдануда қауiпсiздiк шараларын сақтаған жөн.

Газды баллонды жылыту құралғылардың қызатын беттен 1 метрден аз емес қашықтықта, ал газды плиталарды — жанғыш құрылыстардан 30 см аз емес қашықтығында орналастыру қажет. Газды баллонның бұзылған формасы, терең сызаттар, жарықтар, коррозийлер болмауы керек, ал оның мiндеттi элементтерi: жабыншақ, тоспа және бос және толған баллонның салмағы, газдың салмағы, жұмыс iстеу қысымы мен техникалық куәландыру мерзiмi (бес жылда 1 рет) жазылған төлқұжаты болып табылады. Сыйымдыллықтың тетiгiндегi резенкелi нығыздағы сақина иiлiмдi, бұзушылықтарсыз болуы керек.

Әрине, газда тамақты қалтыруға болмайтыны белгiлi. Егер де баллон «уландыра» бастаса, (ол дегенiмiз газдың кемуiнiң байқалуы), қауiпсiз қашықтықта оны абайлап шығарып, 104 телефон номерi арқылы авариялық газды қызметтерiнiң мамандарын шақыру қажет.

Осы ережелердiң бәрi қолданыста қарапайым және үлкен шығындарды талап етпейдi. Есесiне оларды сақтау кезiнде Сiз табиғаттың жаңдану мерекесi қайғыға орайлайтынына, ал көктемгi көгiлдiр аспан өрттердiң түтiнiмен жабылмайтытына сенiмдi бола аласыз.

СҚО ТЖ департаментi бастығының орынбасары
азаматтық қорғау полковнигi Н. Атығаев

Аудан тұрғындарына арналған су тасқыннан сақтану жаднама

Қардан және мұздан тазарту бойынша алдын ала жүргiзiлген iс-шаралар көктемгi су тасқының зардаптарын болдырмауына немесе маңызды азайтуына мүмкiндiк бередi.

Қауiп қатерлi кезеңде жiберiлетiн гидрометео қызметiнiң хабарларын және ТЖ тиiстi органдарының ақпараттарын мұқият тыңдау қажет.

Егер сiздiң тұрған үйiңiздiң су басатын жер шекараларын күру мүмкiндiгi болса, сiзге келесi ережелерiң iстеу қажет:

  • көшелердi, аулаларды, ғимараттардың төбелерiн, өтулердi, кiру және шығу жерлерiн, су құбырларын, су жүретiн жерлердi қардан алдын ала тазарту;
  • шұғыл көшетiн болған жағдайға, үш тәулiкке жететiн тамақ және су қорын, тиiстi құнды заттарды, жылы киiм, дәрi-дәрмектердi дайындап қойыңыз;
  • ұдайы дайындықта ақша, құжат, құнды қағаздарды ұстаңыз;
  • үйлерiңiздi, пәтерлерiңiздi қорғау үшiн қажеттi жұмыстар жүргiзу: есiктер мен әйнектердi бекiту, жоғары қабаттарға (шатыр, төбе) үй нәрселерiн және бағалы заттарды апарып қою, ауладан шаруашылық құралдарды жинау, мал азығын қауiпсiз орынға жеткiзу;
  • Көшу жерiңiздi және қауiпсiз орын алдын ала анықтап алыңыз, жай ғана жүзу құралдарын дайындаңыз;
  • үй жануарларын, мүлкiңiздi төменде аталған пунктiне алдын ала көшiрiнiз.

Судың аяқ астынан дүркiн ағуы болған жағдайда және су деңгейi көтерiле бастаса:

  • үрейге берiлмеңiз, тез және нық әрекет жасаңыз;
  • сабыр сақтаныз,
  • есiктер мен әйнектердi жабыңыздар, электр, газды және пештегi отты сөндiрiп кетiңiз.
  • үй жануарларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етубойынша барлық шараларды қабылдаңыз, қора есiктерiн, қақпаларды ашып, малды бос жiберiңiз;
  • су өткiзбейтiн киiм киiңiз, өзiңiзбен құжаттарыңызды, ақша, бағалы қағаздарды, iшетiн су қорын, тамақ, дәрiгерлiк қобдишасын, ең қажеттi заттарыңызды алыңыз да ғимаратты босатыңыз;
  • су басқан аймақтан жылдам шығуға тырысыныз, егер шыға алмасаңыз, қайық және басқа да жүзiп шығуға болатын нәрсемен кауiпсiз жерге жетiңiз, немесе төбеге, шатырға шығыныз;
  • суға батқан азық-түлiктердi жемеңiз, қайнатылған су ғана iшiңiз.

Ата-аналар және оқытушылар!

Балаларды суаттарға жiбермеңiз, әсiресе мұз жүру уақытында, оларға суаттарды ашу кезде мұзда болуы, жарда және шайылған жағалаудаболуы қауiптi екенiн алдын ала ескертiңiз.

Тұрып жатқан үйiңiзге судың келгенi туралы дерегiн, Есiл ауданының ТЖБ және Есiл аудандық су тасқынға қарсы штабқа хабарлаңыз тел: 2-20-49, 2-19-31.

Әр жағдайда өзiңдi сенiмдi ұстап, үрейге берiлмеңiз, тез және нық әрекет жасап, бiрiншi кезекте балалар мен қарттарға көмек көрсете бiлiңiз!

Өндіру бекеті ашылды

Өндіру бекеті ашылды

Үстiмiздегi жылғы 22 желтоқсанда Есiл ауданы үшiн маңызды оқиға — «Ильинское» ЖШС-да өрт сөндiру бекетi ашылды.

Аталмыш шараның ашылу салтанатына «Ильинское» ЖШС-нiң автобаза меңгерушiсi — өрт сөндiру бекетiнiң жетекшiсi Алексей Пономарев, Ильинка ауылдық округiнiң әкiмi Наталья Кудряшова, төтенше жағдайлар бөлiмiнiң бас маманы Динара Ғаббасова, Есiл ауданы әкiмi аппаратының ТЖ және АҚ жөнiндегi бас инспекторы Мiнайдар Тiлеукин, №10 өрт сөндiру бөлiмi бастығының орынбасары Ринат Қанғожинов қатысты.

Салтанатты шара кезiнде ауылдық округ аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге сүбелi үлес қосып отырған «Ильинское» ЖШС директоры Александр Бурлевтiң атына жылы сөздер айтылды. Аталмыш серiктестiктiң базасында ұзақ жылдар бойы ерiктi өрт сөндiру құрылымы жұмыс iстеп келдi. Олар өрт болақалған жағдайда көмекке келiп, материалдық құндылықтарды ғкана емес, адам өмiрiн сақтап қалуға да өз үлестерiн қосты.

Өрт сөндiру бекетi арнайы «ГАЗ-53 АЦ (2,2)» өрт сөндiру автомобилiмен, су таратқыш қондырғы орнатылған «МТЗ-82» тракторымен,телефон байланысымен жабдықталған. Жаңа құрылым үшiн жылы бокс бөлiнген. Онда кезекшiлiк атқаратын, тынығатын, ас iшетiн бөлмелер бар.

Айшықты, әдемi және қауiпсiз

Жаңа жыл — ең әдемi, көңiлдi және айшықты мереке. Сондықтан бiз пиротехникалық бұйымдарды қолдану арқылы оған ерекше әр бере түскiмiз келедi, бiрақ осы жағдайда қауiпсiздiк ережесiн сақтамау қайғыға душар ететiндiгiн ескере бермеймiз. Барлық пиротехникалық бұйымдар сертификатталуға жататындығын еске сақтағанымыз жөн. Пиротехникалық бұйымның орамасында пайдалану жөнiнде нұсқаулық болуға тиiс, онда пайдалану және қолдану жағдайы, қауiпсiз дайындау, ұшыру және өтелдеу жағдайлары жөнiнде шектеу, жанудың және одан өрт шығудың алдын алу жөнiнде шаралар, пайдалану мерзiмi немесе кепiлдiк мерзiмi және әзiрленген уақыты , сертификаттау туралы ақпарат мазмұндалады. 

Өрттен сақтану үшiн пиротехниканы бәрiнен бұрын ағаштары, шамдары және электр желiлерi жоқ ашық кеңiстiкте пайдалану қажет. Пиротехниканы қатты желде, құрылыстар мен адамдарға бағыттап ұшыруға, қолда пайдалануға болмайды. Отшашуларға еңкейiп қарауға қатаң тыйым салынады, сондықтан барлық қимылды созылған қолмен жасап, отшашуларды басқа жаққа, көрермендерге қарсы жаққа бағыттау керек.

Бенгаль оттары қаншалықты қауiптi? Олар өртке себеп бола ма? Бенгаль оттары шағын ғана тұтану мүмкiндiгiн иеленгенiмен, өрттiң шығуына негiз бола алады. Бенгаль оттарын тез тұтанатын материалдардың (шыршаның, мишураның, мақтаның) жанында пайдалануға болмайды, мерзiмi өтiп кеткен бенгаль оттарын емес, тек сапалысын ғана пайдалану керек.

Ересек адамдар, балалардың қолындағы кез келген пиротехникалық бұйымдар, бенгаль оттары өртке ғана емес, сонымен бiрге жарақат алуға да себеп болуы мүмкiн екендiгiн есте сақтаңыздар.

Қарапайым ереженi сақтау — қауiпсiздiк пен мереке күндерi жақсы уақыт өткiзудiң кепiлi.

«Жан» шырша

Жаңа жылдық мерекенi әсем шыршасыз көзге елестету мүмкiн емес. Алайда қандай шырша таңдау керек: табиғи ма әлде жасанды ма? Қандай шырша қауiпсiз?

Оған бiрыңғай жауап беру мүмкiн емес. Жылы үйде әбден кепкен ағаш пен қылқан жапырақты ағаш азғантай ұшқыннан-ақ от алуы мүмкiн. Заманауи жасанды шыршаларды да жанғыш полимер материалдардан жасайды, олар жанған кезде қауiптi улы зат бөлiп шығарады. Сондықтан өрт қауiпсiздiгiн сақтау үшiн, оларды электрмен қыздырылатын аспаптардан алыс жерге орнатыңыз, шырша жанында ашық от пайдаланбаңыз, қолдан жасалған немесе жарамсыз электр безендiргiштердi қолданбаңыз. Электр безендiргiштердi жалғаулы күйде қараусыз қалдырмаңыз.

Жаңа жылдық мерекелердi мұңлы етпес үшiн, өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтаңыз. Өз қауiпсiздiгiңiз өз қолыңызда екендiгiн естен шығармаңыз.

Орман өрттерiнiң науқаны

Бiздiң мектеп қабырғасынан берi бiлетiнiмiз, орман экономикалық және экологиялық, әлеуметтiк маңызы бар биосферадағы ең маңызды компонеттердың бiрi болып табылады.

Орманның адам өмiрiндегi маңызын бағалау өте қиын, себебi ол жер бетi қабатының өсiмдiк типтi жабындысы, жемiс — жидек, саңырауқұлақтар мен отын өнiмiн алатын, пайдалы өсiмдiк шөптердi алатын қайнар көз болып табылады.

Көп адамдар осының қадiрiн бiле бермейдi: шөптер мен мал жайылымының жерлерiн, ауыл шаруашылығына маңызды жерлердi жағып жатады, ең бастысы осы әрекеттер орман өрттерiне әкеп соғады.

Орман өрттерiнiң көбi ауыл шаруашылығын өндiрушiлердiң тарабынан болып жатады. Олар сабандар мен қалдық шөптердi өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiн сақтамастан жасап, соңынан от орман массивтерына жайылады.

Сонымен, 2010 жылы орман шаруашылығының аумағында 2,9 га аумағында 4 орман өртi болып, 244 мың теңгеден астам материалдық зардап шегiлдi. Ал 2014 жылы 1 орман өртi Волошинка селолық округiнiң аумағында орын алды.

Астық жинау кампанияларының кезеңiнде Есiл ауданының ТЖ бойынша бөлiмiмен ауыл шаруашылығы егiстiктерiнде өрттердi алдын — алу бойынша және астық жинау кезеңiнде өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерi туралы ескерту жұмыстары жүргiзiлуде:

  • егiстi жинау астық масссивтерiнен 50 га астам аумағы бар участiктен басталуы тиiс. Участiктер аралығынде енi 8 м кем емес жер жыртылуы тиiс. Шабылған егiс жедел жиналады. Жыртылған жердiң ортасында енi 4 м кем емес жыр жыртылады;
  • жиналып жатқан астық массивтерiне тiкелей жақын жерде 25 га астам жерде дайын трактор мен өрт болған жағдайда қолданылатын құралдар болуы тиiс;
  • алқаптарда сабан қалдықтары мен бурьяндарды жағу кезiнде, аумақты енi 4 м аспайтындай етiп, қоршау қажет, бақылау жүргiзiп, от улкен аумаққа жайылған жағдай болса сөндiру үшiн, арнайы техниканы дайындықта ұстап, өрт сөндiру бөлiмi мен аумақтық әкiмдiктi хабардар ету қажет. Өрт қауiптi кезеңде қалдықтарды жағу мен алқаптарда от жағуға тиым салу керек;
  • шөп өсiмдiктерiн жағуды тек өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi бақылау органдарының келiсiмiмен жүргiзген дұрыс;
  • егiс алқаптарының жерлерi омандарға, автомобиль және темiр жолдарға жақын жерде орналасқан болса, енi 4 м кем емес жер жыртылып қоршау жүргiзiлуi тиiс.

Орманды өрттерден сақтау — орманның толық жоғалып кетуiнен қорғайтын және қорғау шараларына қызмет ететiн әрбiр адамның басты тапсырмасы.

Есiл ауданы
ТЖБ бастығы
Азаматтық қоргау подполковнигi
Ж. Есенғазин

Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiмi хабарлайды
Өрт қауiпсiздiгi айлығы жарияланды

Өрт өсiмiн және оларда адамдардың өлiмiн азайту мақсатында, сонымен қатар СҚО ТЖ жөнiндегi Департаментi бастығының 2016 жылғы 17 тамыздың № 143 бұйрығын iске асыруға науқан кезеңiнде өрт қауiпсiздiгi айлығы жарияланды.

Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiм қызметкерлерi, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, өрттердiң алдын алу бойынша iс-шараларды iске асыру шеңберiнде, өрт қауiпсiздiгi бойынша айлықты өткiзу жоспары құрылды.

Өрт қауiпсiздiгi айлығын өткiзуге байланысты ауданның ТЖ жөнiндегi бөлiмi науқан кезеңiнде өрт қауiпсiздiгi ережесiн сақтауды сұрайды.

Отпен абай болыңыздар, ол қателiктi кешiрмейдi.

Есiл ауданы ТЖБ бастығы азаматтық
қорғаныс подполковнигi
Ж. Есенғазин

Шөп шабуға пайданылатын жерлер бойынша рейд

Есiл ауданында ТЖ жөнiндегi бөлiмнiң қызметкерлерi жеке шаруашылықтар арасында жем-азықтарды даярлау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргiздi.

Жем — азықтарды даярлау кезiнде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiмнiң қызметкерлерi Николаевка орман қызметкерлерiмен бiрлесiп Николаевка селолық округiнiң орман қорымен шекаралас шөп шабуға пайданылатын жерлер бойынша рейд жүргiздi.

Рейдттiк iс-шараларды жүргiзу барысында жеке шаруашылық басшылары, жеке тракторлар иелерi жұмыс атқару орындарында өрт қауiпсiздiгiн сақтау, iске қосылған техникалардың мазмұны, өрт сөндiру құралдарымен оларды толымдау бойынша негiзгi талаптар туралы ақпараттандырылды.

Рейдттiк iс-шаралар шөп шабудың соңына дейiн үнемi жүргiзiлетiн болады.

ТЖ бойынша бөлiмi ескертедi!
Азықты өрттен қорғау

2016 жылдың өткен кезеңiнде Есiл ауданының аумағында 16 өрт орын алып, өрттен келген материалдық зардабы 235000 мың теңгенi құрады.

Шөп шабу науқаны кезiнде әрбiр ауылда көретiнiмiз, ауыл тұрғындарының жаз бойғы жинаған, үйiлiп тұрған астықты көремiз. Бiрақ та , әр адам осы үйiлiп тұрған шөптiң әр қайсысы қандай үлкен өрт тударатынын ескермейдi, себебi оларды қоралардың, гараждардың және басқа да ауладағы құрылыстардың жанына өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұза отырып өте жақын үйедi.

Қықы азықты үйю кезiндегi келесi талаптарды регламенттейтiн өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерi:

  • тұрғын үйлердiң участiктерiндегi сеновалдарды құру ғимарат пен ауладағы құрылыстардан 15 м кем емес ара қашықтықта орналастыру қажет.

Шөптi аталған ара қашықтықта үйю мүмкiн болмаса, қосымша 500 литрдан кем емес су құятын орын болған жағдайда үюге болады, ара — қашықтық 5 м-ге дейiн қысқарады.

Рұқсат етiлмейдi:

  1. шөптi қоралардың және басқа да құрылыстардың шытырының үстiне үю;
  2. электр желiлерiнiң маңайында;
  3. участiктiң iшкi қоршауынан 3 м кем емес аралықта;
  4. барлық азық түрлерiн участiктен тыс жерлерде;
  5. қатты азықтың үюiлу биiктiгi жер деңгейiнен 4 м биiктiктен аспайтын жерде.

Жергiлiктi атқарушы органдармен, аумақтың ауа райы жағдайына қарамастан, шөптi жеке участiктерге тасу кестесi әзiрленiп, оның орындалуы бақылауға алынады.

Осы кезеңде азықтың көп мөлшерi өрттiң арқасында түтiнге айналып қана қоймай, сонымен қатар ауданымыздың азаматтарына үлкен зардабын тигiздi.

Ең маңыздысы осындай жағдайлар жылдан жылға қайталанып келе жатыр, шөптер әлiде жануда.

Көбiнесе осындай жағдайлардың көбiне тұрғындардың өз кiналары, тек кейбiр өттер ғана отпен дұрыс қолданбауы себебiнен болып жатады.

Ең басты мәселе болып әлде кiмдердiң түн ортасында қасақана өрт қою болып табылады, бiр қарағанда тiптi бiреулер солай бұрынғы өкпе-ренiштерiн бiлдiретiндей. Қалай болғандада, өрттерге адамдардың тiкелей байланысы бар.

Есiл ауданының ТЖ бойынша бөлiмi барлық аудан тұрғындарына жеке аулаларыңызда шөптi үю кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiн қатаң сақтауларыңызды және өз өмiрлерiңiзге қауiп төндiрмеулерiңiздi сұрайды.

Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiмi хабарлайды
Өрт қауiпсiздiгi айлығы жарияланды

Өрт өсiмiн және оларда адамдардың өлiмiн азайту мақсатында, сонымен қатар СҚО ТЖ жөнiндегi Департаментi бастығының 2016 жылғы 25 сәуiрдегi № 61 бұйрығын iске асыруға тұрғын үй секторында өрт қауiпсiздiгi айлығы жарияланды.

Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiм қызметкерлерi, Iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерiмен бiрлесiп, тұрғын үй секторында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, өрттердiң алдын алу бойынша iс-шараларды iске асыру шеңберiнде, өрт қауiпсiздiгi бойынша айлықты өткiзу жоспары құрылды.

ТЖ жөнiндегi бөлiм қызметкерлерiмен алдын алу жұмысын өткiзу кезiнде әлеуметтiк қауiптi топ тұлғаларына (белгiлi жұмыс түрi жоқ тұлғаларға, нақты тұрғұлықты орны жоқ адамдарға), зейнеткерлерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көп көңiл бөлiнетiн болады.

Өрт қауiпсiздiгi айлығын өткiзуге байланысты ауданның ТЖ жөнiндегi бөлiмi тұрғын үй секторында өрт қауiпсiздiгi ережесiн сақтауды сұрайды.

Отпен абай болыңыздар, ол қателiктi кешiрмейдi.

Есiл ауданы ТЖБ бастығы
азаматтық қорғаныс подполковнигi
Ж. Есенғазин

СҚО Есiл ауданы: жолдар қарлы борандардан тазартылуда

Есiл ауданының елдi мекендерiнiң тұрғындарына бораннан және қардың қалың түсуiнен кiреберiс жолдардың жабылып қалуы қиындық тудырды. Бiрақ, олар бұл жағдайда жалғыз қалған жоқ. Жергiлiктi билiк органдары, жолдар қызметi, ТЖ жөнiндегi Департамент қызметкерлерi тұрғындардың өмiрiн жақсартуды қамтамасыз етуге барлық жағдайларды жасауда. Осы апта басында көптеген жергiлiктi белгiдегi «мәселелi» жолдарда, Горное-Корнеевка, Гурьяновка-Қарағаш, ауылдарына апаратын жолдарда «Ғайса» ЖШС, «Петропавл-Жолдары» ЖШС, «Промитей Агро» ЖШС, бiр-бiрiн ауыстыра отырып К-700 тракторлары жұмыс атқарды.

Бүгiнгi күнi Жарғайың-Мектеп, Бiрлiк-Петровка, Поляковка-Калиновка, Талапкер-Поляковка, Қарағаш-Гурьяновка, Алқа-Орталық автокөлiк жолдары учаскелерiнде жұмыс жүргiзiлуде. Ауданның алты ЖШС және ШҚ қуатты техникалары елдi мекендердiң жолдарындағы қалың қарларды «тесуде». Қазiргi басты тапсырма — тұрғындардың өмiрiн жақсартуды қамтамасыз ету, ауылдарда «автономизациясына» жол бермеу. Олар осы тапсырмалардың оң шешiмiн табуда!

Айдын қорытындысы!

Төтенше жағдайлар жөнiндегi Бөлiм жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру шеңберiнде аудан аумағында су тасқыны мезгiлiнде тұрғындардың оқыту саласында және даярлығы әркеттерiне ТЖ жөнiндегi Департамент бастығының бұйрығына сәйкес тұрғындарға су тасқыны мезгiлiнде ережелердi сақтауды және әрекеттердi жеткiзу бойынша айлық өткiзiлдi.

Яғни, айлық өткiзу мезгiлiнде аудандық елдi мекен 42 рейдтар өткiзiлдi, су тасқыны мезгiлiнде ережелердi сақтау және iс-әрекеттер бойынша 656 үйдi қамтумен 656 жаднамалар таратылды. Ауданның iшкi iстер органымен бiрлесiп үй-үйдi аралаумен селолық округтерде тұрғындармен жиындар өткiзiлдi. Жұмыс осы бағытта жалғасатын болады.

Қайғы бөгденiкi болмайды

Тұрғын секторында болатын өрттер, мүлiктi ғана жойып қоймай, материалды залал келтiредi, бiрақ, өкiнiшке орай, адамдардың өлiмiне алып келедi. Өрттердiң туындау себептерi әртүрлi болады, бiрақ көбiнесе кiнәлi бiз өзiмiз — үй иелерi. Бiз, өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзушылықтарымен салынған пеш: бөлiнбеген (бөлу енi бiр жарым кiрпiштен кем болмауы керек), жарықтарымен пештер және мүржелер (пештер және мүржелер мерзiмдi сылақтанып және ағартылып тұруы керек), пеш алдындағы листтарынсыз (пеш алдындағы метал листтарының өлшемi 50х70 см), күйеден тазаланбаған мүржелер барлық қыс кезеңiнде жануы мүмкiн деп сенемiз. Өрттiң бiзге тимейтiндiгiне сенiмдiлiк болады, бiрақ шын мәнiсiнде, жоғарыда көрсетiлген бұзушылықтардың бiреуi болса, өрт ықтималдығы үлкен. Электр торабын және электр құралдарын пайдаланудағы бұзушылықтар үшiн өрттер қауiпi жоғары. Болмайды: зақымдалған электр құралдарын пайдалануға, электр жүйесiне қуаттылығы жоғары бiрнеше электр құралдарын бiрден қосуға, калибрленбеген балқығышты қолдануға, терможайландырғышынсыз немесе болмаған жағдайда және электр жылыту құралдарын пайдалануға. Осы бұзушылықтарды жою қажет, сонымен қатар егер сiз көршiлерiңiздiң немесе туыстарыңыздың өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғанын көрсеңiз, селқос қарамаңыз, бұзушылықты көрсетуге немесе осы бұзушылықты жоюға көмек көрсетуге қорықпаңыз. Жалғыз тұратын адамдарға, мүгедектерге селқос қарауға болмайды, Сiздiң көңiлiңiз және қатысуыңыз, адамның өмiрiн сақтап қалуы мүмкiн. 2016 жылдың қаңтар айында Есiл ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiмiнiң қызметкерлерiмен ауданнық әлеуметтiк қорғау қызметкерлерiмен семинар өткiзiлген болатын, онда өрттердiң туындау себептерi,өрт қауiпсiздiк шаралары, өрт болған жағдайдағы әрекет бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi. Алайда, ауданда өрттен жалғыз тұрған 2 қарт адам өлiм құшты, және өрттiң себебi өрт қауiпсiздiк ережелерiн сақтамау болды. Қайғы бөгденiкi болмайды, әсiресе, егер бiз бiр ауылда, бiр көшеде тұрсақ.

Өрт қауiпсiздiгi бойынша сенбiлк!

Өрттердiң санын азайту мен оларда адамдардың қаза болуын алдын — алу бойынша Есiл ауданы ТД бойынша бөлiмiнiң қызметкерлерi аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерiмен бiрлесiп, өрт қауiпсiздiгi бойынша сенбiлiктер өткiзуде, сенбiлiк шарасында өрттердегi адамдардың қаза болуын алдын- алу және тұрғын үй секторындағы халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету көзделген.

Сонымен, өрт қауiпсiздiгi бойынша сенбiлiк өткiзуде Заградовка селосында, Петровка селосында, Покровка селосында, Чириковка селосында рейдтер жүргiзiлдi, онда 362 тұрғын үй қамтылды, өрт қауiпсiздiгi бойынша 400 дана жадынамалар таратылды. Жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, селолық округтердегi халықпен жиын өткiзу кестесiнiң жоспары құрылды. Аталған бағыттағы жұмыс әрi қарай да жалғасатын болады.

Алдын — алу жұмыстарын өткiзудегi қызметкерлердiң басты назарға алғаны әлеуметтiк қауiптi топтағы адамдарға ерекше назар бөлiдi (нақты қызметi жоқ адамдарға, тұрғылықты жерi жоқ адамдарға) зейнеткерлерге, тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларға.

Отпен абай болыңыздар, от-қателiктi кешiрмейдi.

ТЖ қызметi хабарлайды
Басты акцент — су тасқыны аралығында

2016 жылы 15 ақпанда «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмi Аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң мәжiлiс залында аудан әкiмi Мұратбек Жапасұлы Әбiшев төралығымен селолық округ әкiмдерiнiң, ұйымдар мен мекеме басшылардың қатысуымен ТЖК кеңейтiлген отырысы өткiзiлдi. Күн тәртiбiнде 2016 жылы аудан аумағында су тасқынына қарсы iс-шараларға даярлық және өткiзу туралы мәселе қаралды.

Су тасқынына қарсы аралықта даярлық туралы ауданын ТЖ бөлiмiң бастығы Жұлдыз Мерекеұлы Есенғазин баяндама жасады.

Төтеншi жағдай бөлiмiнiң бастығы — ауданның ТЖК төрағасы орынбасары өзiнiң баяндамасында адам өлiмiн, аумақтарды және елдi мекендердi су басуды болдырмау, 2016 жылы болатын су тасқынында шығынды азайту ТЖ комиссиясының алдында ең бiрiншi тапсырмалардың бiрi болып отыр.

Барлық ұйымдардың және мекемлердiң басшыларына, селолық округ әкiмдерiне су тасқыны мерзiмiнде ТЖ болдырмау бойынша нақты тапсырмалар берiлдi.

Су тасқыны бақылауда!

Төтенше жағдайлар жөнiндегi Бөлiм жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру шеңберiнде аудан аумағында су тасқыны мезгiлiнде тұрғындардың оқыту саласында және даярлығы әркеттерiне ТЖ жөнiндегi Департамент бастығының бұйрығына сәйкес тұрғындарға су тасқыны мезгiлiнде ережелердi сақтауды және әрекеттердi жеткiзу бойынша айлық өткiзiлуде.

Яғни, айлық өткiзу мезгiлiнде Николаевка селолық округiнiң Николаевка селосында рейд өткiзiлдi, су тасқыны мезгiлiнде ережелердi сақтау және iс-әрекеттер бойынша 39 үйдi қамтумен 39 жаднамалар таратылып, 60 нұсқамалар өткiзiлдi. Ауданның iшкi iстер органымен бiрлесiп үй-үйдi аралаумен селолық округтерде тұрғындармен жиындар өткiзiлдi. Жұмыс осы бағытта жалғасатын болады.

«Пештiң себебiнен болатын» өрттер: өзектi және қауiптi

Адамдарды жылуы мен жайлылығымен қуанту үшiн және көп әрi сенiмдiлiк үшiн пеш қажет. Бiрақ осылайша үнемi бола бермейдi.

Қазiргi уақытта пештердi қолданғанда, өрт қауiпсiздiгiн сақтамауды бұзғандықтан немесе олардың дұрыс емес құрылысына байланысты «пештiк» деп аталатын жалпы өрттер саны есептегенде 35% құрайды.

Қазiр суық түскеннен кейiн осындай жағдайлар әсiресе өзектi болып түр. Отпен тек материалдық бағалы заттар ғана емес, адамдар да қаза тауып жатыр.

Яғни, Есiл ауданының Петровка селосында 2016 жылдың 01 қаңтарында азамат С.-тың жеке тұрғын үйiнде өрт шыққан, тексерiс барысында азамат С. өзi жалғыз тұрған және спирттiк iшiмдiктердi жиi қолданған.

Өрттiң шығу себебi жылыту пешi құрылғысының дұрыс жерде орнатылмауы және үй иелерiмен пештiң қыздырып жағуы болып табылады.

Есте сақтаңыз, әр үй иесi өзiнiң үйiне жауапты.

Өрт себебi — пеш

Қазiргi уақытта әлеуметтiк мәселеге байланысты үй иелерi және пәтер жалдаушылар пеш жағуға көңiл бөлмейдi және оны бұзылған күйiнде қолданысқа жiбередi, iс жүзiнде әр күн сайын облыста «пештiң» өрттерi болып тұрады, соның салдарынан айтарлықтай материалдық шығын салынады және адамдар ажал құшады.

Бұл өрт категориясы екiге бөлiнедi. Бiрiншiден, жанудың себебi пештiң құрылысының ережесi бұзылуы мүмкiн. Пештiң түтiн шығатын мұржасының бөлшектерi жеткiлiксiз және ағаш жабынынан өтетiндiктен болуы мүмкiн, сонымен қатар шағын шегiнiстер — пеш қабырғасының арасындағы қашықтық және үй қабырғасы мен ағаш құрылысы жиi өрттiң болуына әкеледi. Осы себеп бойынша Петровка ауылында өрт болды, өрттiң нәтижесiнде тұрғын үй зардап шектi.

Басқа бәле — пеш жағу кезiнде өрт қауiпсiздiгi ережесiн бұзу, жағу құбырының толық дұрыс кезiнде де жағымсыз жағдайлар болады. Жиi өртпен пештi бензинмен, керосинмен және басқа да тез жанғыш сұйықтықтармен жағу отын қолдану, отынның ұзындығы, сонымен қатар жаңадан қызған пештерден өрт болуы мүмкiн.

Өрттен сақ болыңыздар, ол қателiктердi кешiрмейдi.

Есiл ауданының ТЖ бойынша бөлiмi ескертедi!
Өрт қауiпсiздiгi бойынша апта өткiзiлдi!

Өрттердiң санын азайту мен оларда адамдардың қаза болуын алдын — алу бойынша Есiл ауданы ТД бойынша бөлiмiнiң қызметкерлерi аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерiмен бiрлесiп, өрт қауiпсiздiгi бойынша апта өткiздi, апта шарасында өрттердегi адамдардың қаза болуын алдын-алу және тұрғын үй секторындағы халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету көзделген.

Сонымен, өрт қауiпсiздiгi бойынша апта өткiзуде Явленка, Петровка, Чириковка, Покровка селосындарда рейд жүргiзiлдi, онда 274 тұрғын үй қамтылды, өрт қауiпсiздiгi бойынша 300 дана жадынамалар таратылды, шамамен 274 адамға нұсқаулық жұмыстары жүргiзiлдi. Жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, селолық округтердегi халықпен жиын өткiзу кестесiнiң жоспары құрылды. Аталған бағыттағы жұмыс әрi қарай да жалғасатын болады.

Алдын — алу жұмыстарын өткiзудегi қызметкерлердiң басты назарға алғаны әлеуметтiк қауiптi топтағы адамдарға ерекше назар бөлiдi (нақты қызметi жоқ адамдарға, тұрғылықты жерi жоқ адамдарға) зейнеткерлерге, тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларға.

Отпен абай болыңыздар, от-қателiктi кешiрмейдi.

Себептер әртүрлi болуы мүмкiн, ал бәле бiр

Қыс уақытындағы өрттердiң болу себептерi әртүрлi болуы мүмкiн.

Тұрмыста болатын өрттердiң негiзгi себептерiне өртке қарсы қауiпсiздiгiнiң ережелерiн сақтамағандықтан болады; отпен абайламай қолдану, пештердiң дұрыс тұру құрылысы, электржылыту құралдарын өз бетiнше немес дұрыс еместiгi, балалық тентектiк, сонымен қатар өрттiң болу себебiне азаматтардың мас күйi жатады.

Осындай бәленi болдырмау үшiн, келесi ережелердi сақтаған дұрыс:

  • пештер мен түтiн құбыр дұрыс жөндеулi болуы тиiс, сыланған, жарықсыз және ағыртылған;
  • түтiн құбырларын 2 айда 1 рет тазалануы тиiс;
  • түтiн құбырлары мен пештер жарылмайтын материалдардан жасалуы тиiс;
  • 50х70 см. өлшемiнде металлдық парақтан жасалған пештi жабатын есiкшесi болуы тиiс;
  • өздiгiнен жасалған электржылыту құралдарын қолдануға болмайды;
  • үйден кеткен кезде, жылытқышты сөндiру қажет;
  • калибралды балқығыш өндiрмелер мен басқа да артық тиелi мен қысқа тұйықталған өз бетiнше жасалған аппараттарды қолдануға болмайды;
  • балалардың отпен ойнауын болдырмау қажет;
  • төсекте шылым шегуге болмайды.

Қарапайым өртке қарсы қауiпсiздiгiнiң ережелерiн сақтаған кезде Сiз тек өз өмiрiңiздi ғана емес сонымен қоса Сiздiң жақындарыңыздың өмiрлерiн сақтайсыз.

Пайдалы сабақтар

Құтқарушы күнi мерекесiнiң 20 жылдығына орай және өртке қарсы қаупiсiздiгiнiң айлығын өткiзуiне байланысты төтенше жағдайлар бөлiмi бiрнеше iс-шаралар өткiздi. Өрт қауiпсiздiгiн сақтау ережелерi және нормаларын сақтау бойынша ауданның 5 мектептерi қамтылған (жоғары сыныптарының 236 оқушылары) интерактивтi сабақ ұйымдастырылды. Ж. Қизатов атындағы Покровка ауылшаруашылық колледжiнiң жанындағы бастауыш мектепте өрт қауiпсiздiгiн сақтау бойынша және отта балалардың апатын болдырмау мақсатында профилактикалық iс-шаралар өткiзiлдi. Профилактикалық әңгiменiң барысында балалар өртке қарсы қауiпсiздiгiн не үшiн сақтау керектiгiн және өрттiң болу себептерiнiң қандай болатыны бойынша пiкiрлерiн айтты. Ересек адамдар қарапайым ережелердi бұзғандарынын ойламаған кезде, балаларға жаман үлгi көрсететiндерi туралы өмiрде болған оқиғалардың мысалдарын айттық. Балалар көптеген танымдық және жаңа нәрселер үйрендi, ең танымдылық жер жағдайға байланысты талқылау болды, инспектор әртүрлi критикалық жағдайды көрсеткенде, ал балалар дұрыс шешiмiн табу керек едi. Содан соң «Жолбарыстар» және «Бүркiттер» командаларының арасында спорттық жарыстар өткiзiлдi. Балалар жарыста өздерiнiң айлакерлiктерi мен белсендiлiктерiн көрсеттi. Балалар шын құтқарушылар болып сезiнiп ұрыс киiмiн кидi. Ең бастысы командалардың бiрлiгi және жеңiске деген жiгерлерiнiң арқасында олар жақсы нәтиже берiп, бiрлiк жеңiске ие болды. Командалар мадақтамалар мен тәттiлермен марапатталды. ПЧ-10 қызметкерлерi қорытынды ретiнде, өрт машинасын көрсетiп, ұрыстық қабiлет туралы айтты. Мереке барлығының көңiлiнен өттi, және де әр бала тек қана жақсы әсер мен өз бiлiмдерiн толықтырды.

«Пештiң себебiнен болатын» өрттер: өзектi және қауiптi

Адамдарды жылуы мен жайлылығымен қуанту үшiн және көп әрi сенiмдiлiк үшiн пеш қажет. Бiрақ осылайша үнемi бола бермейдi.

Қазiргi уақытта пештердi қолданғанда, өрт қауiпсiздiгiн сақтамауды бұзғандықтан немесе олардың дұрыс емес құрылысына байланысты «пештiк» деп аталатын жалпы өрттер саны есептегенде 35% құрайды.

Қазiр суық түскеннен кейiн осындай жағдайлар әсiресе өзектi болып түр. Отпен тек материалдық бағалы заттар ғана емес, адамдар да қаза тауып жатыр.

Есiл ауданының Александровка селосында осындай жағдай болды. Александровка с. өрт болды деп сағат 11-де Явленка с. өрт бөлiмiнiң пунктiне телефондық хабарлама түстi.

ТЖ бойынша қызметкерлерiнiң келуiнiн барысында 1 квадраттық метр көлемiнде шатырлы асты құлатылғаны туралы анықталды.

Өрт кезiнде үйде болған У. азаматы 3 дәрежелi күйiгiн алды. Өрт болу жылытқыш пешiнiң дүрыс емес құрылысы және үй иелерiнiң дұрыс емес пештiң пекалының себептерi болды.

Әр үй иесi өз үйiне жауапкершiлiкте екендiгiн есiңiзде сақтаңыз.

ТЖб ескертедi!
Абайлаңыздар, бiрiншi мұз!

Солтүстiк Қазақстан жерiне де қыс келiп жеттi. Су қоймаларында бiртiндеп мұз түзiле бастады. Өткен жылдар көрсеткендей, мұздақ кезеңi — жылдың қауырт кезеңдерiнiң бiрi. Бiрiншi мұз — кәсiби балық аулаушылар мен әуесқойлар үшiн қауiптi кезең, өйткенi осы уақытта балалар мұзда хоккей ойнауға шығады, ал ересектер мұз астынан балық аулайды. Мысалы, 2015 жылдың ағымдағы айында Қызылжар ауданының су қоймасында мұз астынан балық аулау кезiнде қайғылы жағдай орын алды, бiр балықшы қаза болды.

Бұл кезең балалар үшiн қауiптi. 2001 жылдан осы уақытқа дейiнгi кезеңде облыс аумағында 16 жасқа дейiнгi 33 бала суға кеткен. Мысалы, Жамбыл ауданының Орталық ауылында 2001 жылы мұздақ кезеңiнде қатпаған мұздың үстiнде ойнап жүрiп, бiр уақытта 5 бала суға кетсе, 2003 жылы сол Жамбыл ауданының Семиозерка селосындағы Пеньковатое көлiнде мұз астынан балық аулау кезiнде 2 жасөспiрiм суға кеттi. Есiл ауданында Кендыкты су қоймасында мұз астынан балық аулау кезiнде 1 кiсi каза тапты.

Мұздың үстiнде автокөлiкпен жүруге болмайды, бiрақ та қажеттiлiк туындап жатса, оның берiктiгi тиiстi қызметтермен тексерiлген және жергiлiктi әкiмдiкпен, аудандық ТЖ бөлiмiмен рұқсат етiлген өткелмен өтуге тырысыңыз.

Бiрiншi мұз тек қана мұз астынан қармақпен аулаушы әуесқой балықшылар үшiн ғана емес, сондай-ақ өздерiмен бiрге ауыр буда ауларын және мұз астынан ауларды тартуға арналған сымдар мен орам-орам жiптерiн алып жүретiн кәсiби балықшылар үшiн де қауiптi кезең.

Ең әлсiз мұз — бұл күңгiрт, көпiршiктi, қырбақ қар басқан мұз, қамыстардың және су жиегiнде құлаған ағаштар мен бұталардың жанындағы мұз. Оған барған жағдайда өзiмен бiрге құтқарғыш тақтай, қада немесе саты алып жүру қажет.

Өрт себебi — дұрыс қойылмаған пеш

Қазiргi уақытта әлеуметтiк мәселеге байланысты үй иелерi және пәтер жалдаушылар пеш жағуға көңiл бөлмейдi және оны бұзылған күйiнде қолданысқа жiбередi, iс жүзiнде әр күн сайын облыста «пештiң» өрттерi болып тұрады, соның салдарынан айтарлықтай материалдық шығын салынады және адамдар ажал құшады.

Бұл өрт категориясы екiге бөлiнедi. Бiрiншiден, жанудың себебi пештiң құрылысының ережесi бұзылуы мүмкiн. Пештiң түтiн шығатын мұржасының бөлшектерi жеткiлiксiз және ағаш жабынынан өтетiндiктен болуы мүмкiн, сонымен қатар шағын шегiнiстер — пеш қабырғасының арасындағы қашықтық және үй қабырғасы мен ағаш құрылысы жиi өрттiң болуына әкеледi. Осыған пеш алдындағы жағылу парағының жоқтығын жатқызуға болады, нәтижесiнде жерге түскен көмiр жануы мүмкiн. Осы себеп бойынша Александровка ауылында өрт болды, өрттiң нәтижесiнде тұрғын үй зардап шектi.

Басқа бәле — пеш жағу кезiнде өрт қауiпсiздiгi ережесiн бұзу, жағу құбырының толық дұрыс кезiнде де жағымсыз жағдайлар болады. Жиi өртпен пештi бензинмен, керосинмен және басқа да тез жанғыш сұйықтықтармен жағу отын қолдану, отынның ұзындығы, сонымен қатар жаңадан қызған пештерден өрт болуы мүмкiн.

Өрттен сақ болыңыздар, ол қателiктердi кешiрмейдi.

17.03.2017 09:32


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер
Яндекс.Метрика