Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Бастысы || Азаматтардың өтініштеріне жауаптар

Азаматтардың өтініштеріне жауаптар

Сұрақ:

Сәлеметсіз бе, мен Ерлан Тұрарұлы Әубәкіров, Петровка селосында тұрамын. Менің Сізге сұрағым бар. Неге менің ата-анам және біз жерсіз қалдық? Жер бөлінген кезде менің ата-анам жұмыс істеді, анам совхозда аспазшы, әкем жүргізуші, мен және менің ағам мектепте оқыдық. Ата-анам 1980 жылдан бастап Петровка селосында тұрады, ешқайда көшкен жоқ және жұмыссыз отырмады. Мен өз сұрағыма жауап алғым келеді. Құрметпен Е.Т.Әубәкіров

Ерлан Тұрарұлы Әубәкіров
28.10.2013 ж.

Жауап:

Есіл ауданы әкімінің виртуалды қабылдауына түскен жер үлестерін бөлу мәселесі жөнінде Сіздің 2013 жылғы 28 қазандағы өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз:

Бір тұрғынға келетін, гектардың белгілі бір көлемі шарттылық жер үлестері түрінде Петровка селолық округінің тұрғындарына жер телімдерін бөлу туралы алғашқы құжаттар «Ульяновский» совхозының әкімшілігімен берілуге тиіс болатын.

ҚР Жер кодексіне сәйкес құқығын бұрын жалдауға тапсырған, шартты жер үлесі құқығының иелері, аталған құқықты 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асыруға міндетті:

  1. жеке меншігіне жер телімін сатып алу;
  2. шаруа (фермерлік) қожалығын немесе тауарлық ауыл шаруашылық өндірісін өздігінше жүргізу үшін жалдауға алу;
  3. шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына үлес ретінде тапсыру.

Егер құқығын жалдауға тапсырған, шарттылық жер үлесіне құқық иесі көрсетілген мерзімі ішінде жер телімін алуға құқығын жүзеге асырмаса, оның шарттылық жер үлесіне құқығы күшін жояды, және де аудандық атқару органының шешімі бойынша жер телімі жүзеге асырылмаған шарттылық жер телімдері ретінде ауданның жер қорына кіргізіледі.

Осыған байланысты, Сіз шарттылық жер теліміне құқығыңызды тиісті дәрежеде жүзеге асырмадыңыз, жер телімдері мемлекетке қайтарылды.

Сіздің өтінішіңізді қарау қорытындысы бойынша қабылданған шешіммен келіспейтін жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 12 бабына сәйкес, Сізге, жоғары тұрған органдарға немесе тікелей сотқа жүгінуіңізге болады.

Қ. Едіресов
Аудан әкімінің орынбасары
07.11.2013 ж.


Сұрақ:

Құрметті Cамат Ескендірұлы! Сізді облыс әкімі болып тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Елбасы Сізге үлкен жауапкершілікті істі зор сеніммен сеніп тапсырды. Сол сенімді, ақтайды деген сенімдеміз. Біздің ауыл тұрғындарының жағдайы нашар. Өйткені, маңдай терімен тапқан еңбекақыларын төлемей отыр. Міне, жақында егін себу басталады, ал бірақ ауылдағы еңбек ететін 20 шақты ғана жұмысшыға өткен жылғы уборканның ақшасы берілген жоқ. өзіңіз ойлаңызшы, пенсия, пособие алмайтындар қалай өмір сүруге болады?! Аул басшылары зарплата бердік деп өтірік есеп. Екінкші мәселе, жол мәселесі. АҚТАС, ҚАРАҒАЙ, БҰЛАҚ ауылдары бұрынғы Москва ауданындағы 3 қазақ аулы. Осы күнге дейін жол мәселесі шешілмей келеді. 6 ай жаңбырда, 6 алты ай қыста жауын мен боранда шығу машақат. Егер адам ауырса өледі. Құрметті самат Ескендірұлы! Осы проблемалар шешілетін кун бар ма? Біз 21 ғасырда — Жанна Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз, нан мен мұнайдың ортасында.

Елхан
14.02.2013 ж.

Жауап:

Сіздің Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2013 жылғы 14 ақпандағы виртуалды қабылдауына Бұлақ селолық округінің «Ақтас-Агро» ЖШС қызметкерлеріне еңбекақы төлемеу мәселесі бойынша өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. 2013 жылғы 15 ақпанда «Ақтас-Агро» ЖШС басшылары салық төлеу, еңбекақы төлемін арттыру, мүлікке салықты ұлғайту, салық жүктемесі коэффицентін арттыру бойынша жұмыс тобы мен аудан әкімі жанындағы дағдарысқа қарсы штабтың бірлескен отырысына шақырылды. Шақырылғандар келген жоқ, сондықтан Сіздің өтінішіңіз Есіл ауданының прокуратурасына әрі қарай қарау және сәйкес шаралар қабылдау үшін жіберілді.

Ауданы әкімінің м.а.
Ө. Жүсіпов
15.02.2013 ж.


Сұрақ:

Мен, Есіл ауданының орталығы Явленка селосының тұрғыны Шабарова Айнұр Жабайқызымын. Төрт баланың анасымын. Осыған дейін жіберген өтінішім елеусіз қалды. Биыл бесінші балаға жүктімін. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында сізден баспана сұрап, өтініш білдіріп отырмын. Қазіргі тұрып жатқан үйім 2 бөлмелі, өте шағын. Болашақ туатын баламен үйім өте тар болғандықтан, бесік қояр жер жоқ. Жұбайым екеуміздің жалақымыз тек тамаққа ғана жетеді. Заман талабына сай баспана болса, оқып жатқан үш бала мен кішкентайларымның болашағы алаңсыз болар еді. Осы өтінішім ел мерекесі қарсаңында орындалса, жақсы болар еді! Сізге алдын ала алғысымды білдіремін.

Шабарова Айнұр Жабайқызы
29.11.2011

Жауап:

Шабарова Айнұр Жабайқызына
Явленка с., Шоқаев көшесі, 58 үй

Құрметті Айнұр Жабайқызы!

Сіздің облыс әкімінің виртуалды қабылдауының электронды мекенжайына Сізге тұрғын үй беру туралы жіберілген өтінішіңізді қарастырып, төмендегіні хабарлаймыз.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте беріледі.

Сіздің отбасыңыз көп балалы болып табылады және «Тұрғын үй қатынасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68 бабына сәйкес тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын санатына жатады, сондықтан осы Заңның 67 бабының 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес отбасы мүшесінің әрқайсысына орта айлық табыс қосындысы күн көріс минимумынан 3,1 есе төмен болған жағдайда Сіздің мемлекеттік үй қорынан үй алуға құқығыңыз бар.

Сізді мемлекеттік үй қорынан үй беруге мұқтаждар есебіне қою үшін Явленка с., Ленин көшесі, 9-үй («Қазақтелеком» АҚ ғимараты) мекенжайында орналасқан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне тікелей немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек және мынандай құжаттар тапсыру керек:

  • есепке қою туралы өтініш;
  • азаматтарды тіркеу кітабы;
  • халыққа қызмет көрсету орталығынан анықтама (өтініш иесінде және тұрақты түрде бірге тұрып жатқан отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі үйінің жоқ екені туралы);
  • қорғау органынан өтініш иесінің (отбасының) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын немесе мемлекеттік қызметкердің жұмыс орнынан анықтама;
  • қажет болған жағдайда мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінен қосымша бөлме беруге құқық беретін отбасында ауыр сырқаты бар мүшесінің болуы туралы анықтама.

Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясында өтінішіңіз қаралғаннан кейін Сіз «аз қамтамасыз етілген азаматтар» санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан түрғын үй алуға кезекке қойылуыңыз мүмкін.

 Есіл ауданының әкімі А.Бегманов
15.12.2011

 

13.11.2013 10:40

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика