Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Мемлекеттік басқару || Аудан әкімінің аппараты || Аудан әкімі аппаратының Ережесі

Аудан әкімі аппаратының ережесі

«Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Конституциясы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Солтүстiк Қазақстан облысы
Есiл ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы «__» ___қаулысымен бекiтiлдi

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ереже Явленка с.

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Есiл ауданы әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметiн қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшысы және уәкiлеттi органы Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының әкiмдiгi болып табылады.

3. Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң орналасқан орны: индекс 150500, Солтүстiк Қазақстан облысы, Есiл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесi, 10.

4. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметтiң актiлерiне, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Жарлығына сәйкес әзiрленген осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

5. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық насанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес мемлекеттiк тiлдегi өз атауымен мөр және мөртабан, белгiлi үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарда шоттары бар.

6. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қарым-қатынасты өз атынан жүргiзедi.

7. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекет атынан азаматтық-құқтық қарым-қатынас тарапынан Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес уәкiлеттелсе шығуға құқылы.

8. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi заңдылықпен белгiленген тәртiпте өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдылығымен қарастырылған басқа да актiлермен ресiмделген шешiмдерi қабылдайды.

9. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штаттық санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығына сәйкес бекiтiледi.

10. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң орналасқан орны: 150500, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Есiл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесi, 10.

11.Мемлекеттiк органның толық атауы: «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

12.Осы Ереже «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi құрылтайшы құжаты болып табылады.

13. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қызметiн қаржыландыру аудандық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

14. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлерде кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi

15. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

16. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

17. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: аудан әкiмдiгi мен әкiмнiң қызметiн қамтамасыз ету.

18. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мiндеттерi:

  1. аудан әкiмдiгi мен әкiмнiң қызметiн ақпараттық- талдамалық қамтамасыз ету;
  2. аудан әкiмдiгi мен әкiмнiң қызметiн ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
  3. аудан әкiмдiгi мен әкiмнiң қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

19. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары:

  1. аудан әкiмiне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына қоғамдық-саяси және әлеуметтiк-экономикалық ахуалды жүйелi талдау негiзiнде ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;
  2. жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларды, iс-шараларды, нысаналы кешендi бағдарламаларды әзiрлеу, өңiрлiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау, жергiлiктi мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қызметiне жәрдем көрсету;
  3. орталық мемлекеттiк органдарға өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық стратегиясы, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясаты мәселелерi жөнiнде ұсыныс әзiрлеу;
  4. аудан әкiмдiгiнiң консультативтiк-кеңесшi органдардың, штабтардың, комиссиялардың отырыстары, кеңестер, жиналыстар, кездесулер және әкiмнiң қатысуымен болатын өзге де iс-шаралар регламентiне сәйкес өтетiн аудан әкiмiнiң қызметiн ұйымдастыру-құжаттамалық қамтамасыз ету;
  5. аудан әкiмiнiң қызметiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
  6. аудандық атқарушы органдарының жұмысын үйлестiру, зерделеу және талдау, аудан әкiмiне олардың қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныс енгiзу;
  7. жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша аудан және облыс әкiмдiгiнiң және әкiм актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасы Үкiметi Қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiнiң тапсырмаларын орындау бойынша бақылау жүргiзу, оларды орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  8. Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен Үкiметi қаулыларының және әкiмдiк қаулыларының, аппараттың, облыс және аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын бақылау жұмысын ұйымдастыру;
  9. аудан әкiмдiгiнiң қаулылары, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерi жобаларының заңнама талаптарына сәйкестiгiн тексеру, норма шығаруды жетiлдiру, аудан әкiмi, аудан әкiмiнiң орынбасарлары мен аппарат басшысының басқарушылық қызметiн заңдық қамтамасыз ету;
  10. аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу;
  11. заңнамаға қайшы және ескiрген құқық нормаларын анықтау, оларды iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақытында қабылдау үшiн аудан әкiмдiгiнiң қабылданған қаулыларына, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне тұрақты мониторингтi жүзеге асыру;
  12. аудан әкiмiнiң аудан мәслихатпен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
  13. аудан әкiмдiгi мен аудан әкiмi актiлерiнiң орындалуын бақылау;
  14. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес кадрлық жұмысты жүргiзу;
  15. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары, аудан әкiмiнiң құрмет грамоталары және алғысхаттарымен марапаттауға ұсыну үшiн тиiстi құжаттарды дайындау, марапаттау құжаттарын ресiмдеу, марапатталғандар туралы дерек банкiн қалыптастыру;
  16. мемлекеттiк, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен құқықтық тәртiптi қолдау, құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жұмылдыру, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау, азаматтарды әскери қызметке шақыру, терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi iс-қимылды қамтамасыз ету;
  17. аудан әкiмдiгi мен әкiмнiң қызметiн қаржы-шаруашылық және көлiктiк қамтамасыз ету;
  18. қызмет кабинеттерiн, отырыс залдарын нормативтiк талаптарға сәйкес техникалық жабдықтау;
  19. мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды, құпия iс-жүргiзудi сақтауға жағдай жасау;
  20. ресми делегациялардың келу сапарлары мен оларды қабылдауларды, мерекелiк iс-шаралар мен кездесулердi дайындау;
  21. ауданның атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметтi көрсетуiнiң сапасына мониторинг жасау;
  22. қызметтiк құжаттар мен азаматтардың өтiнiштерiн есепке алу және қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, олардың өтiнiштерi бойынша талдау жасау;
  23. аудан әкiмдiгi мен әкiммен шығарған актiлердi тiркеу және есепке алу;
  24. электрондық көрсетiлетiн қызметтi және электрондық үкiметтi енгiзу және дамыту;
  25. аудан әкiмiнiң аудан әкiмдiгi отырыстары барысында, аудан халқымен есеп беру кездесулерi, селекторлық және жұмыс отырыстары, жұмыс сапарлары барысында берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  26. құжатпен жұмыс iстеу нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру;
  27. iс жүргiзудiң бiрыңғай тәртiбiн қамтамасыз ету, құжатпен жұмысты ұйымдастыру, оларды орындауды бақылау және ведомстволық мұрағатқа тапсыруға дайындау;
  28. электронды құжат айналымы жүйесiнiң жұмыс iстеуi және құжат айналымының көлемiн қысқарту;
  29. бюджет саясаты және бюджетаралық қатынас, экономикалық, қаржы және салық саясаты мәселелерi жөнiнде ұсыныс даярлау;
  30. мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн және ауданның жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалауды iске асыру;
  31. комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметiн қамтамасыз ету;
  32. аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң, аудан әкiмi орынбасарларының және аппараттың қызметiнде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету;
  33. аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң, аппараттың мүлiктiк және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерiн құқықтық тәсiлдермен қорғау;
  34. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау және түсiндiру;
  35. норма шығаруды жетiлдiру жұмысын ұйымдастыру;
  36. бекiтiлген нормалар, нормативтер мен сметалар, мiндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мүлiктер мен мiндеттемелердiң болуын және қозғалысын есептеудi, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалануды қамтамасыз ету, шаруашылық қызметтiң терiс нәтижелерiнiң алдын алу;
  37. жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын мемлекетiк мекемелердi ақпараттандыру жұмысын үйлестiру;
  38. мемлекеттiк қызмет үшiн кадрлық әлеуеттi қалыптастыру;
  39. қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындау;
  40. қолданыстағы заңнамада белгiленген тәртiпте азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастыру.

20. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құқықтары мен мiндеттерi:

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде заңнамада белгiленген тәртiпте мыналарға құқылы:

  1. мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдар және ұйымдармен «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қарауына жатқызылатын мәселелер бойынша қызметтiк хат алмасу жүргiзу;
  2. ауданның атқарушы органдарына, төмен тұрған дейңгейдегi әкiмдерден олардың қызметi жөнiнде қажеттi құжаттар, ақпараттар, түсiндiрулер сұратуға және алуға, аппарат құзыретiне жататын тапсырмалар беруге, ауданның атқарушы органдарының, төмен тұрған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi әкiм аппараттарының қызметкерлерiн аудан әкiмi мен әкiмдiгi құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешу бойынша қатысуға тартуға;
  3. аудан әкiмдiгi мен мәслихатының отырыстарына, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы орандардың алқа отырыстарына қатысуға;
  4. өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы iстердi қарастыруға және заң бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы;
  5. қолданыстағы заңнамалық актiлерде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн ұйымдастыру

21. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне басшылық етудi «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның фунцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

22. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

23. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттегi мен мiндеттерi:

  1. аудан әкiмi аппаратының қызметiн ұйымдастырады және басқарады, сондай-ақ аппаратқа жүктелген функциялар мен мiндеттердiң орындалуын дербес жауап бередi;
  2. аппаратта мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
  3. ерлер мен әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерiнiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi;
  4. аппарат қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауап бередi;
  5. аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады және бағыт бередi, олардың өзара iс-қимылын үйлестiредi;
  6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 25 қарашадағы Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң бос әкiмшiлiк лауазымына орналасу жөнiнде конкурс ұйымдастырады;
  7. аудан әкiмiне бекiту үшiн Аппарат туралы ереженi, құрылымды және штат санының лимитiн ұсынады, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу есебiнен үстемақылар, мемлекеттiк қызметшiлердi материалдық көтермелеудi (сыйлықақы) белгiлейдi;
  8. аппараттың құзыретi шегiнде қызметтiк құжаттамаларға қол қояды;
  9. аудан әкiмiнiң аппаратындағы iшкi еңбек тәртiбiн белгiлейдi;
  10. аудан әкiмiне бекiту үшiн штат кестесiн ұсынады;
  11. нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын және басқа да құжаттарды келiседi және аудан әкiмдiгi мен әкiмiне қарауға ұсынады;
  12. аудан әкiмiнiң тиiстi орынбасарларымен келiсiлгеннен кейiн аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмыс жоспарларын бекiтедi;
  13. аппараттың iшкi бақылау қызметiнiң бақылау iс-шараларының жоспарын бекiтедi;
  14. қолданыстағы заңнамаға сәйкес аппарат қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
  15. аппараттың шығыстар сметасын бекiтедi, бюджетте қарастырылған ақшалай қаражатқа билiк етедi;
  16. аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
  17. аудан әкiмiне болашақты жоспарлау және аппараттың ағымдағы жұмысын ұйымдастыру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
  18. жеке құрам бойынша бұйрық шығарады, аппарат қызметкерлерiн iссапарларға жiбередi;
  19. мемлекеттiк қызметшiлердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;
  20. аппаратты мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда сенiмхатсыз ұсынады;
  21. аудан әкiмi жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң әкiмi аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiктерiн атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

24. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң әкiмi аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы аудан әкiмiне бағынады және оның тiкелей басқаруымен жұмыс iстейдi.

25. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымын басшы, құрылымдық бөлiмшелер (бөлiмдер), функциялық мақсаттағы секторлар, аудан әкiмiнiң көмекшiлерi, кеңесшiлерi және инспекторлары, «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң өзге де лауазымды тұлғалары құрайды.

26. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудi оның құрылымдық бөлiмшесi — қаржылық-шаруашылық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.

27. Аппарат қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарты және мөлшерi Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

28. Аппараттың зейнет жасына жеткен қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi

29. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

30. Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне  бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

31. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қайта ұйымдастыру және тарату

32. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

33. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкiн таратылғаннан кейiн бөлу тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

34. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз еркiмен таратылуы мүмкiн (мүлiк иесiнiң немесе меншiк иесiнiң уәкiлеттi органының шешiмi бойынша, сонымен қатар құрылтай құжаттарымен уәкiлеттi заңды тұлға органының шешiмi бойынша) және күшпен (сот шешiмi бойынша) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексте, осы Заңда және басқа да заң актiлерiнде қарастырылған негiзде және тәртiпте.

35.Тарату туралы шешiм қабылдаған құрылтайшы кешiктiрмей бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органдарына жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Құрылтайшы тарату комиссисын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға сәйкес жою тәртiбiн және мерзiмiн белгiлейдi.

36. Тарату комиссисын тағайындаған күннен бастап оған «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкiн және iстерiн басқару өкiлеттiгi берiледi. Тарату комиссиясы таратылып жатқан «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң атынан сөз сөйлейдi. Таратылған «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi құрылтайшымен қайта бөлiнедi.

37. Құрылтай құжаттарына өзгерiстер және толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгiзiледi.

6. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi және өзара қатынас

38. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мен құрылтайшы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледi.

39. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледi.

40. «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi сенбi және жексенбi — екi демалыс күнiмен бес күндiк жұмыс аптасында сағат 9:00-ден 18:30-ға дейiн, демалуға және тамақ iшуге арналған үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн

19.07.2017 09:49

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімРухани жангыру
Яндекс.Метрика