Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу

Қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу

Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасы

Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасы (2016 жылғы 6 маусым)

Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасы (2016 жылғы 14 наурыз)

2016 жылға Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөнiндегi

Ведомствоаралық комиссияның мәжiлiсiн тоқсан сайын өткiзудiң жоспары

1. Келесi күн тәртiбiмен тоқсан сайын мәжiлiс өткiзiлсiн:

1 тоқсан

  1. Ауданның елдi мекендерiнде қоғамдық орындарда және көшелерде қылмыстың жағдайы және оны төмендету, алдын алу бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы. (Есiл ауданының iшкi iстер бөлiмiнiң ақпараты);
  2. Селолық округтерде құқық бұзушылықты алдын алу және ескерту бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы.(Амангелдi, Бұлақ селолық округтерi әкiмдерiнiң ақпараты);
  3. Резерв.

2 тоқсан

  1. Ауданның бiлiм мекемелерiндегi алдын алу кеңестерiнiң жұмысы туралы. (Есiл ауданының бiлiм бөлiмiнiң ақпараты);
  2. Жастар ортасында араққұмарлық пен нашақорлықты алдын алу бойынша жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар туралы. (Есiл ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң, Явленка ОАА ақпараты);
  3. Селолық округтерде құқық бұзушылықтарды алдын алу және ескерту бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы.(Заградовка, Ильиннка селолық округтерi әкiмдерiнiң ақпараты);
  4. Резерв.

3 тоқсан

  1. Жастарды және жасөспiрiмдердi спортпен шұғылдануға және спорттық-ойын-сауық iс-шараларын өткiзуге қатыстыру бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы. (Есiл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң ақпараты);
  2. Аудан аумағында кәмелеттiк жасқа толмағандарға iшiмдiктi және темекi өнiмдерiн сатуды тиым салуға бағытталған қолданылып жатқан шаралар туралы. (Есiл ауданының iшкi iстер бөлiмiнiң ақпараты);
  3. Селолық округтерде құқық бұзушылықтарды алдын алу және ескерту бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы.(Волошинка, Корнеевка селолық округтерi әкiмдерiнiң ақпараты);
  4. Резерв.

4 тоқсан

  1. 2016 жылға аудандағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың жағдайы және алдын алу жұмыстарының тиiмдiлiгiн жоғарылату бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы. (Есiл ауданының iшкi iстер бөлiмiнiң ақпараты);
  2. «Мемлекеттiк рәмiздер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қадағалау туралы. (Есiл ауданының iшкi саясат бөлiмiнiң ақпараты);
  3. Селолық округтерде құқық бұзушылықтарды алдын алу және ескерту бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы.(Заречный, Явленка селолық округтерi әкiмдерiнiң ақпараты);
  4. Резерв.

2. Қарастыру үшiн қажеттi материалдардың дайындығын құқық бұзушылықты алдын алу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия хатшысы қамтамасыз етедi.

3. Комиссия мәжiлiсiн өткiзудiң мерзiмi жеке кесте бойынша анықталады.

4. Қажеттiлiк болған жағдайда күн тәртiбiнiң сұрақтары түзетiле алады.

Есiл ауданы әкiмi аппаратының
құқықтық қамтамасыз ету бөлiмiнiң
меңгерушiсi
О.Р.
Шаймарданова

2016 жылға Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссияның мәжiлiсiн өткiзудiң кестесi

Тоқсан
Өткізу уақыты Өткізу орны
I 2016 жылғы 14 наурыз   Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залы
II 2016 жылғы 23 мамыр Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залы
III 2016 жылғы 22 тамыз   Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залы
IV 2016 жылғы 5 желтоқсан Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залы  

Ескертпе: қажеттiлiк болған жағдайда мәжiлiс өткiзудiң күнi мен орны түзетiле алады.

1 қаңтар 2016 ж.

Қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылғы оперативтi-қызметтiк құзiретi қорытындысы бойынша барлық сала бойынша қылмысты тiркеу 16,8% немесе 2014 жылы 321 қылмыстан 2015 жылы 267 қылмысқа төмендедi.

Қылмыстың ашылуы 2014 жылы 58,2%-дан 90,4%-ды құрады. Қылмыстардың негiзгi бөлiгiн ұрлық құрайды. 2015 жылы ұрлықтың 132 фактiсi тiркелдi, 2014 жылға қарағанда (253 фактi) 47,8% кем, қылмыстың ашылуы 2014 жылмен салыстырғанда (73,4%) 93,2% құрады.

Барлық қабылданған шаралар нәтижесiнде ауданда қоғамдық жерлерде жасалатын қылмыстар саны 16,7%-ға, нақтырақ айтқанда, 2014 жылы 12-ден 2015 жылы 10-ға азайды, сонымен қатар кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар жоқ.

Жол-көлiк қозғалысы, 2014 жылы 11 болса 2015 жылы 9 ЖКҚ, яғни 18,2%-ға азайғаны байқалады. ЖҚК құрбандар саны азайды: 2014 жылы 16-дан 2015 жылы 12 жарақат алушыларға; қаза тапқандар 2014 жылы 13-тен 2015 жылы 4-ке немесе 69,2%-ға азайды.

Бұған қоса, мас күйiнде жасалған қылмыстардың 58,8%-ға, ал қылмыстың қайталануы 170,4%-ға артуына жол берiлдi.

16.02.2017 15:20


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер
Яндекс.Метрика