Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Халықты әлеуметтік қорғау

Халықты әлеуметтік қорғау

Есiл ауданы бойынша 2017 жылға аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру және мүгедектердi сауықтандыру бойынша iс-шаралар жоспары туралы 2017 жылғы 1 шiлдеге ақпарат

Жұмыспен қамтуды ұйымдастыру

Селолық әкiмдердiң оперативтi мәлiметтерi бойынша аудан тұрғындары 26157 адамды құрайды, соның iшiнде әйелдер — 13613, ерлер — 12546, балалар 15 жасқа дейiнгi — 5236. Экономикалық белсендi тұрғындар — 14237 адам, экономикалық белсендi емес — 6684, барлық жұмыссыз — 175, соның iшiнде өкiлеттi органда тiркелген — 128.

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жоспарланған iс-шараларға сәйкес 2017 жылдың басынан бастап 1598 адам жылдық жоспардан, нақты 939 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды (тапсырмаға 58,8%). Тұрақты жұмыс орындарға 744 адам алды, соның iшiнде жаңа жұмыс орны — 445 (соның iшiнде формализация есебiнен — 42, жаңа кәсiпорын есебiнен — 21, кеңейту есебiнен 382). Уақытша жұмыс орындарына 195 адам жұмысқа орналастырылды.

Өкiлеттi органның тiркеуiнде тұрған жұмыссыз азаматтардың саны 2017 жылдың 1 шiлдесiне 128 адамды құрады. Ресми тiркелген жұмыссыздық деңгейi экономикалық белсендi тұрғындардың 0,9% құрады (ЭБТ — 13587 адам).

Қоғамдық жұмыстарға 139 жұмыссыз жолданды немесе жылдық жоспардан 72%, 9283,0 мың теңге игерiлдi.

Әлеуметтiк жұмыс орындарына 16 жұмыссыз жiберiлдi, жоспар 15 жұмыссыз, 795,4 мың теңге игерiлдi.

Ауданда 229 кәсiпорын мен ұйым жұмыс iстейдi, оның iшiнде iрi 1, орташа 42, шағын 186. Ұжымдық шарт 100% жасалынды.

2017 жылдың 1 шiлдедегi жағдайы бойынша №3-ТН формалы есепке сәйкес жалақы бойынша «Николаевское ХПП» ЖШС 2,6 млн. теңге және «Явленка Норд ХПП» ЖШС 2,4 млн. теңге сомасында қарызы бар.

Бөлiмде жұмыс iздеу Клубы бар, онда қысқа мерзiмде қолайлы жұмысты iздеуге жұмыссыздарға тәжiрибелiк көмек көрсетiледi. Жыл басынан 24 сабақ жүргiзiлдi, онда 40 адам қатысты, соның iшiнде 21 әйел және 14 жастар. Атқарылған жұмыстар нәтижесiнде 28 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 8 қоғамдық жұмыстарға, 4 — әлеуметтiк жұмыс орнына, 2 — кәсiби оқуға жiберiлдi.

6 аудандық бос орындар жәрмеңкесi өткiзiлдi, онда 81 жұмыс берушi қатысты, 253 бос орынға мәлiмдеме берiлдi. Нәтижесiнде 75 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты, 14 адам қоғамдық жұмыстарға жiберiлдi, 123 адам кеңес алды.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек

2017 жылдың 1 шiлдесiне тұрмысы төмен отбасылардың базасы 41 отбасы немесе 173 адамды құрады.

Аудан бойынша кедейлiк деңгейi 0,7% құрады

Кедейлiктi азайтудың бiрден-бiр бағыты шағын несие беру болып табылады, еңбекке жарамды тұрғындарды жұмысқа тартуға және кедейлiк деңгейiн төмендету мақсатымен 2003 жылдан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi шағын несие берумен айналысады. Осы кезеңде барлығы 7928,0 мың теңге сомасына 73 шағын несие берiлген.

  • 1331,7 мың теңге сомасына 20 отбасыға (немесе 77 адамға) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
  • 1044,7 мың теңге сомасына 40 отбасыға (110 балаға) мемлекеттiк балалар жәрдемақысы;
  • 785,5 мың теңге сомасына 24 отбасыға (24 бала) үйде оқитын мүгедек-балаларға жәрдемақы тағайындалды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-шi қадамына сәйкес, халықтың әлсiз тобының тұрмысын жоғарылату мақсатында ауданда «Өрлеу» жобасы жүзеге асырылуда.

2017 жылға 2674,0 мың теңге қаражат бөлiндi, оның iшiнде РБ — 1644,0 мың теңге, ЖБ — 1030,0 мың теңге.

2017 жылдың 1-шiлдесiне 18 отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшарты жасалып, 60 адам жобаға қатысты. Әлеуметтiк келiсiмшартқа дейiн отбасының жан басына шаққандағы кiрiсi 4042,2 теңгенi құраса, әлеуметтiк келiсiмшарт бойынша шара қолданғаннан кейiн жан басына шаққандағы кiрiс 21244,2 теңгеге дейiн көтерiлдi, яғни 5,2 есе.

Әлеуметтiк келiсiмшарт жасаған «Өрлеу» жобасына қатысушылардың барлығы тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.

Естелiк даталар мен мерекелiк күндерге 517 адамға 8840,0 мың теңге сомасына әлеуметтiк көмек төлендi.

15 ақпан — Ауғанстан аумағынан әскердi шығару Күнiне 38 адам 1293,3 мың теңге.

8 наурыз — Халық аралық әйелдер күнiне 327 адам 3709,8 мың теңге.

26 сәуiр — ЧАЭС апатын еске алу күнiне 27 адам 918,9 мың теңге.

7 мамыр — Отан қорғаушылар күнiне 7 адам 79,4 мың теңге.

9 мамыр — Жеңiс күнiне 38 адам 1940,0 мың теңге.

31 мамыр — Саяси репрессия құрбандарын еске алу күнiне 80 адам 898,5 мың теңге сомасына.

Қиын өмiр жағдайында әлеуметтiк көмек 42 адамға 1310,0 мың теңге сомасына көрсетiлдi, соның iшiнде:

ҰОС қатысушылары мен мүгедектерiне тiс протезiне, сонымен қатар оларға теңестiрiлген тұлғаларға 157,2 мың теңге сомасында 2 адамға.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектерiне екi АЕК көлемiнде ай сайынғы коммуналдық қызметтерге — 9 дам 204,2 мың теңге сомасында.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген тұлғалар, соғыс қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша басқа санаттағы тұлғаларға госпитальге жол ақысы, сонымен қатар Семей ядролық полигоны зонасында зардап шеккен тұлғаларға темiр жол жол ақысына (плацкарт вагоны), жолаушылар көлiгiне (таксидан басқа) ҚР аумағы бойынша көрсетiлген бiр көлiк түрiмен жөнелту станциясынан госпитальға дейiн және қайтуына — 5 адам 32,6 мың теңге сомасында.

әлеуметтiк мағыналы ауыратын тұлғалар (түберкүлезi) 6 АЕК көлемiнде амбулаторлық емделу кезеңiне ай сайын  — 16 адам 356,5 мың теңге сомасында.

қылмыстық-орындаушы инспекциясының пробация қызметiнде есепте тұрған тұлғаларға 5 АЕК көлемiнде жылына бiр рет  — 45,4 мың теңге сомасында 4 адам.

бас бостандығынан айыру жерлерiнен босатылған тұлғаларға 11,3 мың теңге сомасында 1 адам.

жетiмдiк 1 адам 11,3 мың теңге

төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасыларға, соның iшiнде өрт 2 отбасыға 258,7 мың теңге сомасында және су басқан 2 отбасыға 232,8 мың теңге.

Мүгедектердi қалпына келтiру Бағдарламасын жүзеге асыру

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен мақсатты түрде жұмыстар жүргiзiлуде.

Ауданда 20 қозғалуда қиындығы бар мүгедек жандарға 16 жеке көмекшi қызмет көрсетедi.

  • Санаторлы-курорттық емделуге 6 мүгедек жiберiлдi.
  • Протездi ортопедиялық көмектi 35 адам алды.
  • Тазалық құралдарымен 62 мүгедек.
  • сурдоқұралдармен 2 мүгедек (3 бiрлiк).
  • тмфлоқұралдармен 1 мүгедек (14 бiрлiк).
  • кресло-арбалармен 12 мүгедек (18 дана) қамтамасыз етiлдi.

Тұрақты жұмыс орындарына 6 мүгедек, ақылы қоғамдық жұмыстарға 8 мүгедек орналастырылды.

Мүмкiндiгi шектеулi балаларға және жалғыз тұратын мен жалғызбасты егде тұлғаларға үйде қызмет көрсету бойынша үйде әлеуметтiк көмек бөлiмшесi

Ауданда мүмкiндiгi шектеулi балаларға және жалғыз тұратын жалғызбасты егде тұлғаларға қызмет көрсету бойынша әлеуметтiк көмек бөлiмшесi жұмыс iстеп жатыр.

Мүмкiндiгi шектеулi балаларға қызмет көрсету бөлiмшесiнде 20 учаске жұмыс iстейдi, 20 әлеуметтiк жұмысшы қызмет етедi, 18 жасқа дейiнгi

30 мүгедек-бала және 18 жастан кейiнгi 2 мүгедек қызмет алады.

Бөгде адамның күтiмiне мұқтаж жалғызбасты зейнеткерлерге және мүгедектерге қолдау көрсету мақсатында ағымдағы мерзiмге аталған бөлiмшеде 187 зейнеткер, оның iшiнде 3 ҰОС қатысушысы және 3 жалпы аурулар мүгедегi қызмет алады.

Бөлiмшеде 38 әлеуметтiк жұмысшы және 2 бөлiм меңгерушiсi, 1 кеңесшi жұмыс iстеп жатыр.

2017 жылға аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру туралы және Есiл ауданында 2017 жылғы 01 сәуiрге 2017 жылға мүгедектердi сауықтандыру бойынша iс-шаралар жоспары туралы ақпарат

2016 жылға аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру туралы және Есiл ауданында 2017 жылғы 01 қаңтарға 2016 жылға мүгедектердi сауықтандыру бойынша iс-шаралар жоспары туралы ақпарат

2016 жылға аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру туралы және Есiл ауданында 2016 жылғы 01 шiлдеге 2016 жылға мүгедектердi сауықтандыру бойынша iс-шаралар жоспары туралы ақпарат

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несиелер алу

Рамазанов Нұрбек Маратұлы 1992 жылғы 21 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының Явленка ауылында туған, 2010 жылы оқуды аяқтап Нұрбек Маратұлы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекетiк университетiне экономист мамандығы бойынша оқуға түстi. Үйленбеген, ата-анасымен тұрады.

Нұрбек Маратұлы оқуды аяқтағаннан кейiн бiрден өз бизнесiмен айналысуды шештi, Есiл ауданының Жұмыспен қамту орталығына жүгiндi, онда қажеттi консультация алып, осы Бағдарламаға қатысуға өтiнiш бердi.

Нұрбек Маратұлы Бағдарлама аясында кәсiпкерлiк негiздерi курсына жiберiлдi. Курсты аяқтағаннан кейiн қажеттi құжаттарды жинап, 2015 жылғы 2 шiлдеде мал шаруашылығын дамытуға 2,2 млн. теңге мөлшерiнде микрокредит алды. Бiрнеше айдың iшiнде Нұрбек Маратұлы 20 бас бұзау, 10 бас ШҚМ, 70 бройлер тауығын және мал азығын сатып алды, сондай-ақ әкесiмен бiрге сатып алған малдарды ұстауға жаңа сарай салды. Нұрбек Маратұлы 2016 жылы малдың бiраз бөлiгiн сатып, алған қаражатына екi асыл тұқымды бұқа сатып алды. Микрокредиттiк қарызын уақытында және берешексiз өтеуде.

Рамазанов Нұрбек Маратұлы жеке әңгiмелесу барысында мемлекет тарапынан кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға мүмкiндiк берiлгенiне зор ризашылығын бiлдiрдi.

2016 жылға аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру туралы және Есiл ауданында 2016 жылғы 01 сәуiрге 2016 жылға мүгедектердi сауықтандыру бойынша iс-шаралар жоспары туралы ақпарат

«2011-2015 жылдарға тұрғындарды аймақтық жұмыспен қамту шаралары жоспарын» жүзеге асуру туралы және Есiл ауданында 2016 жылғы 01 қаңтарға 2015 жылға мүгедектердi сауықтандыру бойынша iс-шаралар жоспары туралы ақпарат

«2011-2015 жылдарға тұрғындарды аймақтық жұмыспен қамту шаралары жоспарын» жүзеге асуру туралы және Есiл ауданында 2015 жылғы 01 қарашаға 2015 жылға мүгедектердi сауықтандыру бойынша iс-шаралар жоспары туралы ақпарат

«2011-2015 жылдарға тұрғындарды аймақтық жұмыспен қамту шаралары жоспарын» жүзеге асуру туралы және Есiл ауданында 2015 жылғы 1 мамырға 2015 жылға мүгедектердi сауықтандыру бойынша iс-шаралар Жоспары туралы ақпарат

13.07.2017 09:56

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімРухани жангыру
Яндекс.Метрика