Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Әкімшілік || Аудандық атқарушы бөлімдері || Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi КММ

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ

Ресми интернет-ресурсы: culture-esl.sko.kz

Толық атауы: «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкімдігінің  мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекенжай: 150500 СҚО Есiл ауданы Явленка с. Ленин к., 5

Электронды поштаның мекенжайы: esil_kult@sko.kz

Телефон/факс: +7 71543 2-11-03

Сенiм телефоны: +7 71543 2-15-06

Басшылық

Бөлiм басшысы — Жеңiс Болатханұлы Кемелов

Жеңiс Болатханұлы Кемелов1985 жылы 6 наурызда Ресей Федерациясы, Омбы облысы, Қасқат ауылында дүниеге келдi. Бiлiмi жоғары, 2011 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Ән-күй пәнiнiң мұғалiмi» мамандығы бойынша бiтiрдi, 2014 жылы Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн «Заң» мамандығы бойынша тәмамдады.

Өзiнiң еңбек жолы кезеңiнде мынадай лауазымдарды атқарды: Петропавл қаласындағы Ш. Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясының ән-күй пәнi мұғалiмi, «Есiл аудандық Мәдениет үйi» МКҚК директоры.

Отбасылық жағдайы: үйленген, екi бала тәрбиелеуде.

Телефон: +7 71543 2-15-06

Азаматтарды қабылдау: сәрсенбi сағат 14-00-ден 16-00-ге дейiн

Бөлiмiнiң функциялары

  • Мәдениет және тiлдердi дамыту саласында Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi актiлерiнiң, облыс, аудан әкiмдерiнiң тапсырмалары мен шешiмдерiнiң, облыс, аудан әкiмдiгiнiң қаулыларының орындалуын бақылайды;
  • Бөлiм құзырына қатысты сұрақтар бойынша облыс, аудан әкiмiнiң тапсыруымен аудан әкiмдiгiнiң қаулы жобаларын, аудандық бағдарламалар әзiрлейдi;
  • Бөлiм құзырына қатысты сәйкес бөлiмшелермен қарым-қатынасты қамтамасыз етедi;
  • Блiм құзырына қатысты уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiредi;
  • Қоғамдық-саяси мәдени iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз етедi;
  • Ұлттық-мәдени бiрлестiктермен байланысты жүзеге асырады;
  • Қазақстан республикасының заңында кезделген басқа да қызметтердi атқарады;
  • Ауданда тiл саясатын атқаруды ұйымдастырады, мемлекеттiк тiлдi дамыту бағдарламасы мен заңының орындалуын бақылайды:
  • Аудандық басқару мекемелерiнен, ведомстволардан, жергiлiктi билiк атқарушы органдарынан «Тiлдер туралы» Заңның орындалуы бойынша есеп берудi, сондай-ақ бөлiм құзырына қатысты ақпараттар, мәлiметтер т.б. құжаттарда талап етедi.
Қазақстан Республикасының тiлдер туралы Заңының жүзеге асуын, аудандық мекемелерде, ведомстволарда мемлекеттiк тiлдi енгiзу саласындағы тiлдiрдiң дамуы мен қызметiнiң мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асу жағдайын зерделейдi:
  • мемлекеттiк тiлдi қолдану мен дамытуды насихаттауға бағытталған мәдени-бұқаралық шараларды дайындауда және өткiзуде, тiл туралы заңның орындалуында басқа мемлекеттiк мекемелерiмен қарым-қатынас жасайды;
  • мәдениет мекемелерiнiң қаржылық жағдайын және материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын жүзеге асырады;
  • ведомствоаралық мекемелерге қарасты мемлекеттiк және қаржылық тәртiптiң сақталуын бақылайды;
  • ведомствоаралық мекемелерде кадрларды iрiктеу, орналастыру және тәрбиелеу iсiн жүзеге асырады;
  • бөлiмге жүктелген мiндеттерге сәйкес;
  • бұқаралық ақпарат құралдарымен ұлттық-мәдени құрылымдарымен байланыс жасайды, ономастикалық комиссия жұмысын қамсыздандырады, Қазақстан республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн қолдану және насихаттау жұмыстарына жетекшiлiк етедi;
  • рухани құнды мәдениет мекемелерiн сақтау, дамыту және пайдалану, олардың мәдени деңгейiн жоғарлату үшiн шаралар қабылдайды;
  • мәдениет үйлерi мен клубтардың, мұражайлардың, кiтапханалардың т.б. мәдениет мекемелерiнiң қызметiн, олардың ведомстволыққа жататындығына қарамай, үйлестiредi, бақылау жасайды, әдiстемелiк көмек көрсетедi;
  • мәдениет мекемелерiнiң байланыстарын сақтау бойынша шаралар әзiрлейдi және жүзеге асырады;
  • халыққа кiтапханамен қызмет етудi және аудандағы мұражай iсiн жақсартуды қаптамасыз етедi;
  • белгiленген тәртiпте концерттер ұйымдастырады, театрларға, көркемөнерпаздар ұжымдарына, жеке орындаушыларға гастрольдер өткiзуге көмектеседi;
  • көркемөнерпаздар ұжымдарының сақталуына, халықтың салтын, дәстүрiн, ғұрпын зерделеу және насихаттауға шаралар қолданады;
  • мәдениет саласында фестивальдар, конкурстар, байқаулар, көрмелер т.б. шаралар ұйымдастырады;
  • мұражайда бар тарихи-мәдени мұралар мен т.б. құндылықтардың сақталуын бақылайды;
  • ведомствоаралық мекемелердiң жоспарлы-қаржылық жұмысын ұйымдастыруды, алдағы және жылдық жоспарларын құрады, белгiленген тәртiпте аудандық бюджетте тұрған мекемелердiң штаттық кестесiн және сметасын бекiтедi, оларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
  • ведомствоаралық мекемелерде есеп алуды ұйымдастырады, есеп алады, жиынтық бухгалтерлiк есеп алады, олардың жоғарғы орындарға уақытында берiлуiн қамтамасыз етедi;
  • жастар үшiн фестивальдар, байқаулар, конкурстер, көрмелер, лотерея т.б. бұқаралық шаралар өткiзедi, мәдениет, бiлiм беру мекемелерiмен бiрлесiп, сондай-ақ өз бетiмен жастардың мәдени-тәрбиелiк, өндiрiстiк, шығармашылык орталықтары мен шеберханаларын ұйымдастырады.

30.03.2017 14:14


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика