Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Азаматтарға арналған Үкімет Мемлекеттік корпорация || Электрондық Үкімет жузеге асыру

Электрондық Үкімет жузеге асыру

Қоғамдық қол жеткізу орындарының түрлері

Изображение

ҚҚжО құру мақсаты

  • Қазақстан халқы арасында қазақстандық ғаламтор сегментін даыту.
  • Мемлекеттік және басқа да, ақпараттық қорларға тең құқықтық қолжетімділікті қамтамасыз ету.
  • Үлкен қалалар мен ауданның ауыл тұрғындары мен кішкентай қалалар арасында, ақпараттық теңсіздікті жою үшін жағдайлар жасау.
  • Ғаламторды қолдана отырып, халықтың жалпы және компьютерлік сауаттылығын арттыру.

Арналуы

  • Ғаламторды қолдана отырып, халықтың жалпы және компьютерлік сауаттылығын арттыру.
  • Азаматтар мен үкімет органдары арасында өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
  • Анықтамалық ақпарат ұсыну.
  • Құжаттар мен анықтамаларды басып шығару.
  • Ғаламтар жүйесіне қол жеткізу, электрондық поштамен жұмыс.

Қоғамдық қол жеткізу орындары дегеніміз не және олардың қызметін қалай пайдалануға болады.

Сіз біздің қалалар мен аудандардағы қоғамдық орындарда пайда болған терминалдарға назар аудардыңыз ба? Жоқ, түрлі төлемдерді төлеуге арналған терминалдарды емес, олардың бейнебетінде электрондық қызметтердің www.e.gov.kz — сайтын көруге болатын терминалдар. Көрген боларсыздар деп ойлаймын. Ал Сіз, осындай терминалдың қызметін пайдалануға тырыстыңыз ба? Жоқ?! Не себепті? Шын мәнісінде, себептер, бірнешеу болуы мүмкін…….

№ 1 себеп — «Бұл қандай терминал және неге арналғанын мен білмеймін»

№ 2 себеп — «Осындай жаңалықты қуана пайдаланушы едім, бірақ, пайдалануын білмеймін»

№ 3 себеп — «Маған қажет қызметтерді, мұндай тәсілмен алу мүмкін емес тәрізді»

№ 4 себеп — «Ол қызметтерді, өзіме үйреншікті бастапқы тәсілмен-де ала аламын»

№ 5 себеп — «ҚҚжО-ның орналасқан орны маған қолайлы емес»

№ 1 себеп — «Бұл қандай терминал және неге арналғанын мен білмеймін»

Бұл құрылғы «Қоғамдық қол жеткізу орындары» — қысқаша «ҚҚжО» деп аталады және әрбір тілек білдіруші мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін еркін пайдалана алу үшін арналған. Қарапайым тілмен айтқанда, мемлекеттік органдардан қажетті, ақпаратты Интернет арқылы алу.

Е-әкімдікті құру бағдарламасын іске асыру арқасында облыс тұрғындарында мынадай мүмкіндіктер пайда болды: жергілікті биліктің жұмысы туралы мәлімет алу, ол мәлімет жоқ болған жағдайда — алуға ұсыныс жасау, сондай-ақ, түрлі мемлекеттік құрылымдар өкілдеріне қажетті сұрақтарды қою. Аталған қызметтерді пайдаланғысы келетін, бірақ жеке компьютері жоқ болған жағдайда не істеуге болады, компьютер болған жағдайда да, интернет қызметтерін төлеу «қалтасы көтермейтіндерге»? Міне, ҚҚжО дәл осындай адамдар үшін құрылған. Әсіресе, ҚҚжО-ын ауылдық аудандар мен шағын қала тұрғындарының пайдалануы үшін маңызды болып табылады. Қазіргі кезде, барлық облыс бойынша 154 Қоғамдық қол жеткізу орындары бар.

№ 2 себеп — «Осындай жаңалықты қуана пайдаланушы едім, бірақ, пайдалануын білмеймін»

Негізінде, қиын болып көрінетін үрдіс, айтарлықтай қиын емес. Біріншіден, Қоғамдық қол жеткізу орындарының екі түрі бар екендігін ескеру қажет. Қоғамдық орындарда орнатылған — Ақпараттық дүңгіршіктер — компьютерде жұмыс істеудің белгілі бір дағдыларын білетін, соның ішінде, интернет желісімен жұмысты игерген және және өз бетімен, ақпараттарды сұрата алатын азаматтарға арналып шығарылған. Сонымен қатар, қызметті алу уақыты барынша аз. Егерде Сіз, айтарлықтай тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз, Ақпараттық дүңгіршіктер арқылы мемлекеттік орган сайттарындағы өзіңізге қажетті, ақпаратты табу қиындық тудырмайды. Сенсорлық бейнебет бармақ тиісімен жұмыс істейді. Бейнебеттің төменгі оң жағында сенсорлық перне шақыру батырмасы бар, сол жағында құжатты басып шығаруға жіберетін перне орналасқан. Қажетті, ақпаратты алу үшін, іздеу өрісіндегі мемлекеттік органдардың электрондық қызметтер сайтын таңдап, қажетті бөлімге кіріп, құжатты қарауға болады.

Егерде Сіз, «пайдаланушы» ретіндегі өз мүмкіндігіңізге сенімді болмасаңыз, Сіз үшін өзге нұсқа бар.

Ақпараттық дүңгіршіктерден басқа, I-үлгідегі ҚҚжО деп аталатын терминалдар бар. Бұл кәдуілгі дербес компьютер, әдетте оған принтер мен сканер қосылған. Аталған ішқұрылым, азаматтың ұзақ мерзім ішінде қызметтерді алуы мүмкін «орындарға» орнатқан дұрыс, себебі оның, мемлекеттік орган сайттарына қол жеткізумен қатар офистық бағдарламалар және Интернеттің қазақстандық сегментімен (адресі».kz»-мен аяқталатын сайттармен) жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осы қоғамдық қол жеткізу орындарындағы электрондық қызметті алу барысындағы туындаған сұрақтар мен қиындықтарды шешуге кеңесші көмектеседі. Егерде Сіз, ДК мен интернетті пайдалануда сенімсіз болсаңыз, осы ҚҚжО қызметтерін пайдаланған жөн. Айтпақшы, мұның барлығын тегін істеуге болады. Әдетте, 1-үлгідегі ҚҚжО «Қазпошта» АҚ бөлімдеріндегі кітапханаларда және білім мекемелерінде орнатылады.

№ 3 себеп — «Маған қажет қызметтерді, мұндай тәсілмен алу мүмкін емес тәрізді»

ҚҚжО ұсынатын электрондық қызметтердің негізгі дерек көздері:

  • «е-үкімет» веб-порталы;
  • облыс қалалары мен аудандары әкімідктерінің веб-порталы;
  • өзге, ақпараттық жүйелер мен веб-ресурстары (1-ші үлгідегі ҚҚжО үшін).

Яғни, Ақпараттық дүңгіршіктердің көмегімен республикамыздағы барлық мемлекеттік органдарының электрондық қызметтеріне қол жеткізуге болады. Ал, 1-үлгідегі ҚҚжО қызметтерінің тізбесі, «kz» доменімен шектелген. Қазіргі уақытта, жоғарыда аталған сайттардың көмегімен, мыңнан астам, ақпаратты-анықтамалық және интерактивті қызметтерді алуға болады.

Өтінішті толтырудан алдын, өзіңіздің ұялы телефон нөмірін, сонымен қатар поштаңыздын мекен-жайын көрсету қажет. Анықтама дайын болған кезде SMS-хабарлама ретінде хабар аласыз. Ал, анықтаманың түпнұсқасы поштаңызға жібереді. Ыңғайлы ма?

№ 4 себеп — «Ол қызметтерді, өзіме үйреншікті бастапқы тәсілмен-де ала аламын»

Мемлекеттік қызметтерді электрондық үлгіде алу, кәдімгі үлгімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие.

Біріншіден, бұл уақыт пен қуатыңызды үнемдейсіз. Елестетіңізші, кезекте тұрудың қажеті жоқ, Сізге қажетті қызметтерді ұсынатын құрылымдарды іздеу жолында жүгірмейсіз, жалғыз бір анықтаманы алу үшін, бір мекемеге бірнеше рет келудің, дәлізде отырып, «қабылдау сағаттарын» тосудың қажетті жоқ.Осы, ақпараттардың барлығын тиісті мемлекеттік органның сайтынан алуға болады.

Егер электрондық қызмет орталығы арқылы мұрағат анықтамаларын алу мысалына оралатын болсақ: ондай анықтаманы үйреншікті әдіспен алу үшін, азамат мемлекеттік органға өтініш беру және дайын анықтаманы алу үшін кемінде екі рет келуі қажет. Сонымен қатар, анықтама туралы мәліметті қадағалап отыру қажет (звондап немесе өзі келіп). Қоғамдық қол жеткізу пунктерін пайдалану арқылы аудан тұрғындары, өз елді мекендерінің аймағынан шықпай-ақ, облыстық мұрағаттан қажетті анықтаманы оңай ала алады. Азаматтың көптеген мемлекеттік мекемелердің «табалдырығын тоздырып» қажетті жауап ала алмай иіні түсіп кетуі, сірә, көбімізге таныс жағдай шығар. Егерде ол, өз сұрағын Ауани қабылдау бөліміне қойса, міндетті түрде жауап берілетін болады (сайтта хат түрінде немесе поштамен).Сонымен қатар, Сіздің алған мемлекеттік заңдар, ережелер, саясат және қызметтер туралы кең көлемдегі соңғы, ақпараттарды алатындығыңызғақпаратты алу жеделдігі кепілдік береді. Тағы бір артықшылық, кешенді қызметтер алу мүмкіндігі.Мысалы, азамат жіберген бір сұраныста, әр түрлі мемлекеттік мекемелер қарауына жататын, ақпараттарға қажеттілік танытқан жағдайда, түрлі үкіметтік ұйымдар өзара іс-әрекеттің арқасында, бір құжатта жинақталған жауапты береді.

№ 5 себеп — «ҚҚжО-ның орналасқан орны маған қолайлы емес»

Мүмкін Сіз, төменде көрсетілген кестеде, үйіңіз бен жұмысыңыздың маңында орналасқан ҚҚжП табасыз. Ол үшін, өзіңіз тұратын аймақты таңдасаңыз болды.

Біраз уақыт өткен соң ҚҚжО санын көбейту, олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланып отыр. Мысалы, ҚҚоЖ арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға жәрдемдесетін мемлекеттік баж және жинауларды төлеу мүмкіндігі туындайды.

Бірақ ең бастысы мемлекеттік органдардың енгізетін, ақпараттық жаңалықтары — бірінші кезекте халық үшін жағдай жасауға көрсетілетін қамқорлық. Оның да, мемлекеттік электрондық қызметтер қандай түрде және қандай қарқынмен нығаятыны көбіне, біз — қаншалықты осы жаңалықты күнделікті өмірімізде пайдалануға даярлығымызға байланысты болмақ.


Қоғамдық қол жеткізу орындары

Электрондық үкімет: Қазақстанда қоғамдық қол жеткізу орындары арқылы электрондық қызметтерді алу мүмкіндігі туындайды.

ҚР, ақпараттық және байланыс Агенттігі «электрондық үкімет» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қоғамдық қол жеткізу орындарын жүйесін ұйымдастырды.

«Қоғамдық қол жеткізу орындары» (ҚҚжО) жобасын жүзеге асыру 2006 жылдан басталды. Республика бойынша ҚҚжО сатып алу және үлестіріп тарату 2006–2007 жылдары жүргізілді.

Қоғамдық қол жеткізу орындары Қазақстан халқының арасында қазақстандық ғаламтор сегментін дамыту мақсатында, мемлекеттік және басқа да, ақпрараттық қорларға тең құқықты қол жетімділікті қамтамасыз ету, азаматтар мен билік органдары арасында өзара қарым — қатынасты қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Одан басқа, ол үлкен қалалар мен ауданның ауыл тұрғындары мен кішкентай қалалар арасында, ақпараттық теңсіздікті жою үшін жағдайлар жасауға бағытталған, сонымен бірге ғаламторды қолдана отырып, халықтың жалпы және компьютерлік сауаттылығын арттыруға бағытталған.

ҚҚжО-ның көмегімен анықтамалық ақпарат, құжаттар мен анықтамаларды шығарып алуға, виртуалды қабылдауға өтініш жазуға, үкіметпен әңгімелесуге қатысуға, электрондық поштамен жұмыс істеуге болады. ҚҚжО-нан казақстандық сегментке кіретін сайттарға ғана шығуға болады.


Қоғамдық қол жеткізу пункті

Қоғамдық қол жеткізу пункттерін (ҚҚЖП) құру негіздері

  1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысы.
  2. «Қазақстан Республикасында 2005–2007 жылдарға арналған „электрондық үкіметті“ қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы.
  3. «Қазақстан Республикасында 2005–2007 жылдарға арналған „электрондық үкіметті“ қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс — шаралардың Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.

Мақсаты

  1. Мемлекеттік және басқа да, ақпараттық ресурстарға тең құқықты қол жеткізуді қамтамасыз ету.
  2. Ауылдық аудандар мен шағын қалалардың тұрғындары мен мегаполистің арасындағы, ақпараттық теңсіздікті жою үшін жағдай жасау.
  3. Интернет-технологияны пайдалану арқылы компьютерлік және жалпы сауаттылықты арттыру.

Тағайындаулар

  1. Анықтамалық ақпарат беру.
  2. Азаматтар мен үкіметтік органдардың әрекеттестігін қамтамасыз ету.
  3. Құжаттар мен анықтамаларды басып шығару.
  4. Жеке мәліметтерді, байланыс және басқа да, ақпараттарды енгізу.
  5. Интернет жүйесіне, электрондық пошта жұмысына қол жеткізу.

Артықшылықтар

  • Эргономиктік және ықшамдық;
  • Сенсорлық экран;
  • Принтер (А4 форматы);
  • Өндіргіш компьютер.

ҚҚЖП түрлері

1-ші типті ҚҚЖП (ақпараттық киоск)

1-ші типті ҚҚЖП (ақпараттық киоск) Азамат қажетті, ақпаратты өз еркімен (яғни жұмыс істеудің белгілі дағыларын білу) орнату нобайдың артықшылығы. Сонымен қатар, қызметті қолдануға аз уақыт кетеді. Ақпараттық киоск жұртшылықты орында, оны бүлінуден немесе ұрлаудан сақтау үшін бақылайтын ұйымның жанында орналасқан.

2-ші типті ҚҚЖП (ПК, сканер, принтер)

2-ші типті ҚҚЖП (ПК, сканер, принтер)Азамат үшін электрондық қызметті алу кезінде сканерлеу, құжатты басып шығару және кеңес алу (қажет болған жағдайда) мүмкіндігі қарастырылған. Кітапханаларда, «Қазпошта» АҚ бөлімдерінде, білім беру мекемелерінде және кітапханаларда орнатуға ұсыныс жасалуда.

Қоғамдық қол жеткізу пунктін пайдалану бойынша нұсқаулық

  1. Сенсорлық экранда көрсетілген сол жақта жоғарғы бұрышта, ақпаратты алу үшін көмекші кестелік элементтерді (кнопкаларды) пайдаланып қолдану қажет: 1-ші кнопка — «алға», 2-ші кнопка — «артқа», 3-ші кнопка — «тоқта», 4-ші — «сеансты бітіру».
  2. Жұмысты бастау үшін оң жақта жоғарғы бұрышта орналасқан «мекен жайлық жолға» курсорды орнатып саусақпен басу керек.
  3. Төмендегі мәзірден таңдап немесе «экрандық клавиатураның» көмегімен оң жақтағы төменгі бұрышта орналасқан, ақпараттық ресурстың мекен- жайын, теріп жазу.
  4. Қол жеткізімдік ресурстарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының сайттары мен порталдары жатады, соның ішінде: Есіл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы www.esl.sko.kz.
  5. Ресурстардың беттерін және басқарма беттерін қозғалту үшін экрандағы кнопкаларды пайдалану керек.
  6. Таңдалған нысанды басып шығару үшін сол жақта төменде орналасқан «басып шығару» кнопкасына басу керек.

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппаратында электрондық құжат айналымында  жұмыс істеу регламенті

15.07.2014 16:03

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімРухани жангыру
Яндекс.Метрика