Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау

Явленка ОАА-ның 2017 жылғы 1 тоқсан iшiндегi iстеген жұмысы туралы мәлiмет

Ауданның денсаулық сақтау жүйесiн: ОАА-да 55 орын (тәулiктiк стационар), одан басқа ОАА бөлiмшелерiнде күндiзгi стационарда 20 орын, ауданның амбулаториялық-поликлиникалық мекемелерiнде 30 орын, 5 дәрiгерлiк амбулатория, 3 ФАП, 35 МП — желiлерi құрайды. Барлық дәрiгерлiк амбулаториялар, Бесқұдық, Ясновка, Бұлақ медпунктерi, Чириковка, Заградовка, Петровка ФАП-тары автокөлiкпен қамдандырылған, маусым айында дәрiгерлiк амбулаторияларға жаңа автокөлiктер алынды. Барлық МП, ФАП-тар телефондандырылған.

Тұрғындарға қызмет көрсетуде, тұрғындарды тiркеу регисторына сәйкес (ТТР) 25084, оның iшiнде: 19370 ересектер, 919 жас өспiрiмдер, 4795 балалар, 12470 әйелдер, 5379 бала өрбiту жасындағы әйелдер.

2016 жылдың 3 ай iшiнде Явленка ОАА стационарында 474 адам емделген. Күндiзгi стационарда 211 адам, соның iшiнде ауруханада — 94 кiсi, амбулаториялық-поликлиникалық мекемелерде — 101 адам, үйдегi стационарда — 16 кiсi емделген. Науқастың төсекте жату орташа ұзақтығы 7,3.

Бүгiнгi күнде ауданның емдеу орындарында 31 дәрiгер, 188 орта буындағы қызметкерлер өз қызметтерiн көрсетуде. 2016 жылмен салыстырғанда мамандармен қамтамасыз ету 13,2-ден 3,1 пайызға кемiдi, 2017 жылы 10 мың халық санына шаққанда 12,3-ке дейiн, (1 дәрiгер мекен-жайын ауыстыруына байланысты, 1 дәрiгер зейнеткерлiкке шықты); медбикелердiң бiлiм беру жүйесiнен денсаулық сақтау жүйесiне ауысуына байланысты орта буындағы қызметкерлермен қамтамасыз ету, 2016 жылғы 6,7-ден 2017 жылы 7,5-ке дейiн 10,6 пайызға артты. Жекекөл МП қосқызметтiлiкпен қамтамасыз етiлген, халық саны — 88 кiсi. Леонидовка МП халық саны 115 кiсi, Амангелдi МП 2017 ж. 01.04.2017 ж. қамтамасыз етiлдi.

2017 жылы 3 ай iшiнде ауданда 58 нәресте туған, 2016 жылы — 61 нәресте. Туу көрсеткiшi 1 мың балаға шаққанда 2016 жылы 9,8-ден 2017 жылғы 9,2-ге дейiн 6,5 пайызға кемiдi.

Аудан бойынша жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi 19,9 пайызға төмендедi 2016 ж. 15,7 (98 адам), ал 2017 жылы 13,2 (83 кiсi).

Аналар өлiм-жiтiмi 3 ай iшiнде болған жоқ, бала өлiм-жiтiмi — 1.

Жалпы өлiм-жiтiм себебiнiң құрылымы бойынша 1-шi орында қан айналым жүйесiнiң ауруы алады (100 мың адамға шаққанда 75,7 (19 адам), 2016 жылы 76,0 (19 адам), өлiм-жiтiм көрсеткiшi 0,4 пайызға кемiдi), 2-шi орында құлық зәр жолдары жүйесiнде (100 мың адамға шаққанда 63,8 (16 адам), 2016 жылы 24,0 (6 адам)), 3 -шi орында жаңадан пайда болған iсiктер ауруы (100 мың адамға шаққанда 35,9 (9 адам), 2016 жылы 28,0 (7 адам) көрсеткiш 22 пайызға өстi).

3 ай iшiнде пайда болған қатер iсiк ауруы 100 мың адамға шаққанда 103,9 (26 адам), 2016 жылы 73,5 (18 адам), көрсеткiш 29,2 пайызға өстi.

2017 жылы 1-2 санатта 72,0 пайыз (18 адам), 3 — санаттағы науқастар 7 адам (26,9%) 4-шi санатта анықталғандар 3,8 пайыз (1 адам). 2016 жылы 1-2 санатта 50,0 пайыз (9 адам) анықталды, 3 санатта 6 адам (33,3%), 4 — санатта 3 адам (16,6 %).

Өлiм-жiтiм көбеюiнiң басты себебi, әсiресе жүрек ауру науқастары және қатерлi iсiк ауруы — аудандық тұрғындардың қартаюы. 65 және одан үлкен жастағылар 2958 (11,8 %). Оның iшiнде 1428 адам әртүрлi ауру түрлерiмен «Д» есебiнде тұр.

Наркологиялық көрсеткiштерi бойынша 4 адам алкогольдiк тiркеуiне алынды.

Аудан бойынша АҚТҚ-жұқтырған 1 кiсi тiркелдi.

Туберкулез ауруымен 2017 жылдың 3 ай iшiнде 2 адам, (облыс көрсеткiшi 14,5). 2017 жылдың 3 ай iшiнде қайтып кеткендер жоқ.

Флюорографиялық тексерiстен өткендер саны 2836 адам, жылдық жоспардың 16,7% орындалды (жоспар 16971), айқындалуы — 0. Туберкулино айқындау әдiсiмен тексерiлген балалар саны 1491 адам жылдық жоспардың 40,3 пайызы орындалды (жоспар 3701 адам), Манту әдiсiмен 0 бала айқындалды, туберкулез белсендiлiгiмен айқындалғандары — 22 бала, 1,5%. Флюорографиялық тексерiс кезiнде белсендi туберкулез анықталған — 0. Оның iшiнде жаңадан тiркелгендер — 0, рецидив — 0. Жылжымалы флюорография бойынша 6554 жоспарланған, қаралдар саны — 0.

БМСК басты тапсырмасы ауруды ерте анықтау, асқынып кетуге жол бермеу үшiн жылда тұрғындар арасында белгiлi жастағыларға скринингтiк тексерiс арқылы профилактикалық медициналық тексерiстер өткiзiледi.

Бүгiнгi күнi аудан бойынша скринигтiк тексерiстiң нәтижесi:

  • Өңеш, асқазанның обыры және iсiк алды жағдайы 1100 адам, қаралғаны 114 (10,36%) .
  • Қуық түбi бездерiнiң обырына қаралатын ер кiсi саны — 500
  • Тiк iшектiң және тоқ iшектiң обыры және iсiк алды жағдайыына жоспар бойынша 2033, қаралған адам саны — 464 (22,82%).
  • Кеуде бездерiнiң обыры және iсiк алды жағдайына жоспар бойынша 842, қаралған әйел саны 97 (11,52%).
  • Жатыр мойынының обыры және iсiк алды жағдайыына жоспар бойынша 800, қаралған әйелдер саны 87 (10,88%), соның iшiнде айқындалғаны 2 әйел (2,3%), олар есепке (100%) алынды.
  • ЖТА жоспар бойынша 3000, қаралған адам саны 727 (24,23%), 71 науқас айқындалды (9,77%), 66 адам «Д» есебке (92,96%) алынды.
  • Қант диабетiне жоспар бойынша 2850, қаралған адам саны 764 (26,81%), айқындалған науқас саны — 1 адам, «Д» есебiне алынды.
  • Глаукомаға жоспар бойынша 2760 кiсi, қаралған адам саны 869 (31,49%), айқындалған науқастар — 1 адам, «Д» есебiне алынды.

Есiл ауданының денсаулық сақтаудағы 2017 жылғы мiндеттерi

Явленка ОАА-ның 2016 жылы iстеген жұмысы туралы мәлiмет

Явленка ОАА-ның 2016 жылғы 9 ай ішіндегі істеген жұмысы туралы мәлімет 

Явленка ОАА-ның 2016 жылғы 9 ай ішіндегі істеген жұмысы туралы мәлімет

Явленка ОАА-ның 2016 жылғы 1-шi тоқсан iшiндегi iстеген жұмысы туралы мәлiмет

Явлена АОА-ның 2015 жылғы 12 ай iшiндегi iстеген жұмысы туралы мәлiмет

2015 жылдың қаңтарынан-қыркүйегi аралығында ауданның денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi туралы ақпарат

Денсаулық сақтау

17.04.2017 14:53


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика