Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Аудан туралы || Ауданның әлеуметтік-экономикалық паспорты

Ауданның әлеуметтік-экономикалық паспорты

Есiл ауданының 2017 жылғы 1 шiлде жағдайындағы әлеуметтiк-экономикалық паспорты

Аудан әкiмi Мұратбек Жапасұлы Әбiшев 2013 жылдың 28 маусымынан бастап аудан әкiмi лауазымында жұмыс iстейдi.

Есiл (бұрынғы Ленин) ауданы 1928 жылы құрылды, 1997 жылы Есiл ауданы болып өзгертiлдi.

Аумағы — 5,14 мың шаршы метр, облыс аумағындағы салыстырмалы салмағы 5,2% құрайды.

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнуi:

Аудан орталығының атауы (облыс орталығының) Явленка селосы
Облыс орталығынан арақашықтығы 76 шақырым
Барлық әкімшілік-аумақтық бірлігі 16
Соның ішінде: аудандық бағынышты қалалар  
ауылдық (селолық) округтер 16
Барлық елді мекендер 56

Тұрғындардың саны 2016 жылдың 1 маусымына 24311 адамды немесе облыстың жалпы тұрғындарына 4,4 пайызын құрады. Ұлтты құрам бойынша ол келесi үлгiде көрсетiледi:

қазақтар - 11,0 мың адам немесе 42,6 %;
орыстар - 13,0 мың адам немесе 52 %;
украиндықтар - 0,4 мың адам немесе 1,6 %;
немістер - 0,3 мың адам немесе 1,2 %;
басқа ұлттар - 0,3 мың адам немесе 1,2 %;
Тұрғындардың көшуі: 2016 ж. 1 маусымына 2015 ж. 1 маусымына 2014 ж. 1 шілдесіне
келгендер 367 245 198
кеткендер 546 640 378
миграциялық сальдо (+/-) -179 -395 -180
Демография      
туғандар 122 127 136
қайтқандар 138 148 138
Табиғи өсу -16 -2 -2

Табиғи ресурстар

  • Су ресурстары — 2 өзен
  • Үлкен көлдер — 16
  • Кiшi көлдер — 322

Қорғалатын аймақтар (қорықтар, питомниктер, орман шаруашылықтары, басқа да табиғи қорғалатын аймақтар)  — жоқ.

Өнеркәсiп

2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығында шығарылған өнеркәсiптiк өндiрiстiң көлемi 2016 жылдың сәйкесiнше мерзiмiнен 104,3% өсумен 1037,8 млн. теңгенi құрды.

Өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiндегi басым салыстырмалы салмаққа азық-түлiк өнiмiнiң көлемi 64,4% , буды беру және ауаны тазарту — 9,9%, суды жинау, өңдеу және тарату — 11,9% құрайды.

Кәсiпорындармен өндiрiлген өнiмдер:

  • ұн — 3820 тонна немесе өсiм 78,6%;
  • макарон — 645 тонна немесе өсiм 58,1%;
  • ет — 165 тонна немесе өсiм 2,3%;
  • нан — 579 тонна немесе өсiм 91%;
  • а/ш малдарына дайын азық — 6771 тонна немесе өсiм 106,6%.

Ауданда өңдеумен 10 диiрмен, 17 наубайхана, 1 тәттi тағам пiсiру цехы, 2 сүт өңдеу цехы, 2 өсiмдiк майын жасау цехы, 1 балық сүрлеу цехы, 1 тұшпара өнiмiн өндiру цехы,1 макарон өнiмiн өндiру цехы, 20 бидай үгiту цехы, 1 мал сою пунктi, 10 мал сою алаңы айналысады.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылық маңыздағы жерлердiң аумағы 449,5 мың га құрайды, соның iшiнде — 320,2 мың га жыртылатын жер, мал жаю және шөп шабу жерлерi 128,4 мың га.

  2017 ж. 1 шілдесі 2016 ж. 1 шілдесі 2015 ж. 1 шілдесі
Барлық агроөнеркәсіптік құрылымдар саны 281 280 289
Соның ішінде: ЖШС 84 80 79
Акционерлік қоғамдар      
Өндірістік кооперативтер      
Шаруа және фермерлік қожалықтар 179 182 193
Басқалары 15 15 14
Мемлекеттік заңды тұлғалар 3 3 3

Шаруашылықтың барлық түрлерiндегi мал мен құс басы

Мал басы, мың бас   2017 ж. 1шілде Алдындағы жылдың деңгейіне % 2016 ж. 1 шілде Алдындағы жылдың деңгеіне % 2015 ж. 1 шілде Алдындағы жылдың деңгеіне %
ІҚМ 25,6 96,1 26,6 98,2 27,1 102,8
Соның ішінде: сиырлар 11,0 94,2 11,7 100,0 11,7 99,9
жылқылар 8,6 98,5 8,7 103,2 8,5 102,5
шошқалар 10,4 89,5 11,7 109,3 10,7 100,5
қойлар мен ешкілер 39,3 99,7 39,4 101,3 38,9 106,3
құстар 244,7 99,9 245 100,4 244,0 100,25
Мал шаруашылығы өнімдері, мың тонна 2017 ж. 1 шілде Алдындағы жылдың деңгеіне % 2015 ж. 1 шілде Алдындағы жылдың деңгеіне % 2014 ж. 1 шілде Алдындағы жылдың деңгеіне %
Ет, мың тонна 2525,9 106,9 2362 103,5 2281,5 101,5
Сүт, мың тонна 15118,1 98,5 15354,3 103,8 14795,7 106,9
Жұмыртқа, млн. дана 7960,1 100,1 7951,5 102,7 7742,3 108,2
Тері, дана 50,9 101,0 50,5 100,0 50,5 104,1

Әлеуметтiк инфрақұрылым

Аудандағы автомобиль жолдарының жүйесi 567 шақырымды құрайды. Соның iшiнде 76 шақырымы республикалық маңыздағы, 202 шақырымы облыстық маңыздағы, 289 шақырымы аудандық маңыздағы жалпы пайдаланылатын жолдар.

Автомобиль жолдарының барлық жүйесiнiң 238 шақырымын (41,9%) асфальт бетон және қарамен төселген жолдар, 173 шақырымын (30,5) гравийлiк және қиыршық тасты жолдар және 156 шақырымын (27,5%) топырақ жолдар құрайды.

Автожолдарда 2 көпiр және су өткiзу құбыры Александровка селосында орналасқан.

Петропавл қаласымен елдi мекендердi облыс iшiлiк 30 автобус бағыты, соның iшiнде 1 облыс iшiлiк бағыттар, 1 аудан iшiлiк аралық бағыт байланыстырады.

Телефон байланысымен қамтамасыздық — 100%. Селолық округтер бойынша телефондандыру 100 тұрғынға 21,8 бiрлiктi құрады.

Ауданның негiзгi су көздерi Есiл өзенi мен жер асты сулары болып табылады.

Ауданның 56 елдi мекенiнен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiледi топтық су құбырларын 15 елдi мекен қосылған, 10 елдi мекен жергiлiктi сумен қамтамасыз ету көздерiнен пайдаланады, 12 елдi мекенде магистральды сумен қамтамасыз ету су құбырлары iстейдi, қалған 29 елдi-мекен де жергiлiктi су көздерiнен 110 қоғамдық және 1964 жеке құдықтардан пайдаланады.

Ауданда 58 монша мен 299 жуыну орыны жұмыс iстейдi.

Ауданды (қаланы) электрмен қамтамасыз ету

Ауданның елдi мекендерiн электрмен қамтамасыз ету — 100%.

Барлығы 23 жылу қазандығы бар, соның iшiнде 1 орталық, 2 жергiлiктi және 20 автономды, олар бiлiм, денсаулық сақтау және мәдениет объектiлерiн жылытады. Көп қабатты тұрғын үйлердi 1 жылу қазандығы жылытады (үш 2 қабатты үй жылытылады).

Кәсiпкерлiк

2017 жылғы 1 шiлде жағдайында ауданда 1190 шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi тiркелген, 171 шаруа және фермерлiк қожалығы (14,4%), 731 жеке кәсiпкерлiк (61,4%), 288 заңды тұлға (24,2%).

Ауданның шағын бизнес құрылымында 38,6% ауыл шаруашылығы, 41,1% сауда-саттық қызметi құрайды.

Ауданда 188 сауда кәсiпорыны, 2 көтерме сауда дүкендерi, 27 қоғамдық тамақтандыру орны, 15 дәрiхана, 3 мал дәрiханасы, 17 шаштараз, 7 киiм және аяқ киiм жөндеу пункт, 3 радио және телеаппаратуралар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу пункт; 1 жиһаздар және ағаш шеберлiгi бұйымдарды жөндеу, 15 — ТҚС, 4 — авто жуу, 10 — АМҚС, 6 — ГҚС, 2 салттық қызметтер цехы, 2 жиһаз жасау цехы, 20 кәсiпкерлер көлiк қызметiмен айналасады, 27 кәсiпкерлер басқа да қызметтермен айналасады (ет сатып алу, ветеринарлық қызмет, отын даярлау, ксерокөшiрмелеу, көкөнiс өсiру және т.б.) көрсетуде.

2017 жылдың 1 шiлдесiне шағын бизнесте жұмыс iстейтiндердiң саны 4527 адамға жеттi, жыл басынан бастап шағын кәсiпорын субъектiлерiмен 11 тұрақты жұмыс орындары ашылды.

Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiнен бюджетке салық түсiмi 216,5 млн. теңгенi құрады.

Қаржылық жағдай

Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiгi 2017 жылдың 1 шiлдесiне қарасты жағдайда 127,9% орындалды, 563 млн. теңге түсiмдер болжамында мемлекеттiк кiрiске 720 млн. теңге түстi немесе 2016 жылдың дегейiне 108,9% .

  жоспар нақты %
Республикалық бюджет 181,0 218,4 120,6
Облыстық бюджет 150,1 209,1 139,2
Аудандық (қалалық) бюджет 231,9 292,5 126,1

Аудандық бюджет 2017 жылға 3899,8 млн. теңгенi құрды, соның iшiнде: жеке табыс — 497,3 млн. теңге, ресми трансферттер — 3266,5 млн. теңге.

Аудан бойынша 1190 салық төлеушi тiркелдi, соның iшiнде: заңды тұлғалар — 288, мемлекеттiк кәсiпорындар — 731, жеке тұлғалар — 171.

Қаржылай қызмет саласы

Аудан аумағында екiншi деңгейлi банк филиалдары жұмыс iстейдi: «Қазақстан халық банкi», «Қазпошта» АҚ бөлiмшесi және 14 микрокредиттiк ұйымдар.

2017 жылдың 1 жартыжылдығында «Достық» НС ЖШС 354,2 млн. теңге сомаға 11 кредит берiлдi, ал ол 2016 жылдың сәйкесiнше мерзiм деңгейiнен 2,5 есеге жоғары.

Тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау

  2017 ж. 1 шілдесі 2016 ж. 1 шілдесі 2015 ж. 1 шілдесі
Тіркелген жұмыссыздардың саны, адам 128 80 101
Ресми жұмыссыздардың деңгейі, %. 0,9 0,5 0,6
Жұмысқа орналасқан азаматтар, адам 939 828 1064
Орташа жалақы, теңге 82770 73853 69361
Әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға жататындар саны, адам 4706 5902 5895
Соның ішінде: зейнеткерлер 3581 4432 4430
мүгедектер 777 980 972
жұмыссыздар 175 191 209
аз қамтамасыз етілгендер 173 302 284

Бiлiм

Ауданда 49 бiлiм мекемелерi жұмыс iстейдi, соның iшiнде: 39 жалпы бiлiм мектептерi (оның iшiнде: 16 орта, 7 негiзгi, 16 бастауыш), оларда 3218 оқушы бiлiм алуда; Николаевка ауылында Аулалық клуб; «Санкт Лоренц»Корнеевка мектеп-кешенi ЖББМ 240 бала оқиды, 3 балабақшасы (балалар саны — 290), музыка мектебi (оның iшiнде 83 оқушы бiлiм алуда); Ж. Қизатов атындағы Есiл ауыл шаруашылығы колледжi, Петровка агротехникалық колледжi.

31 шағын орталық бар, соның iшiнде 23 толық күндi шағын орталық, оларға 641 бала барады және 8 толық күндi емес шағын орталықтар бар, оларға 46 бала барады.

Ауданда 5 мектеп жанындағы интернат жұмыс iстейдi, оларда 214 оқушы тұрады. Барлық мектептер компьютерлендiрiлген, телефондандырылған және Ғаламтор желiсiне қосылған.

Ауданның барлық мектептерiндегi мұғалiмдер саны 730 адам, соның iшiнде 597 немесе 81,8% жоғары бiлiмi бар.

ҰБТ орташа балы 71,44 құрайды.

Оқушылардың 1 компьютерге қамтылуы 4 оқушыны құрайды.

Денсаулық сақтау

Ауданда 44 емдiк-сақтандыру ұйымдар жұмыс iстейдi, соның iшiнде 55 кереуетке аудандық орталық аурухана бөлiмi жұмыс iстейдi, емдiк амбулатория — 5, медициналық пунктер — 35, фельдшер-акушерлiк пунктi — 3. Тұрғындарды 31 дәрiгер және орта бiлiктi 188 медициналық қызметкерлер қамтамасыз етуде. Аудан бойынша дәрiгерлермен қамтамасыздық 10 мың тұрғынға 12,5 құрайды.Кадр жетiспеушiлiгi 11 кiсiнi құрайды.

Мәдениет

Ауданда әртүрлi меншiктегi 41 мәдени объект жұмыс iстейдi (27 мемлекеттiк, 9 шаруашылық субъектiлер меншiгiнде, 5 қоғамдық бастамаларда).

Клуб түрiнде мекеме тұрғындарды мәдени демалыспен қамтамасыз етуде 17 (8 мәдениет үйi, 4 ауылдық клуб, 5 орталық демалыс орындары), 50 кiтапхана (соның iшiнде 23 мемлекеттiк, 26 мектептiк, 1 орта-арнаулы оқу орны) және тарихи-өлкетану мұражай.

Спорт

Ауданда спорт объектiлерден 192 спорт құрылымдары жұмыс iстейдi:

2 мiнбелi стадион, 27 спорт зал, теннистiк корт, 26 хоккейлiк корт, 123 жазық құрылымдар, 1 шаңғы базасы, 12 қоса салынған спортзалдар.

Ауданда БЖСМ жұмыс iстейдi, онда спорттың 33 түрi бойынша 470 адам айналысады. Ауданда ағымдағы жылдың есептiк кезеңiнде 15 спорттық iс-шаралар өткiзiлдi, оған 300 адам қатысты.

Ауданда ағымдағы жылдың есептiк мерзiмiнде 14 спорттық — iс-шаралар өттi, оған 836 адам қатысты.

Қоғамдық бiрлестiктер — 12, соның iшiнде 5 тiркелген.

  1. Ардагерлер кеңесi (тiркелген)
  2. Комсомол ардагерлерi облыстық қоғамының филиалы
  3. «Звонница» этномәдени бiрлестiгi
  4. «Жерлес» этномәдени бiрлестiгi
  5. «Атамекен» этномәдени бiрлестiгi
  6. «Митайнандер» этномәдени бiрлестiгi
  7. «Болашаққа қадам» қоғамдық жастар бiрлестiгi (тiркелген)
  8. «СҚО Есiл ауданының кәсiпкерлерi одағы» қоғамдық бiрлестiк (тiркелген)
  9. «Қазақстан мәслихатының депутаттары бiрлестiгi» республикалық қоғамдық бiрлестiктiң Есiл аудандық өкiлеттiгi (тiркелген)
  10. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты
  11. «Iскер әйелдердiң ассоциациясы» Есiл аудандық өкiлеттiгi» ҚБ
  12. «Есiл ауданының мүгедектер қоғамы» ҚБ (тiркелген).

Дiни бiрлестiктер — 10

Дәстүрлi ғимараттар

Мешiт — 4 (Явленка, Бiрлiк, Бұлақ, Николаевка ауылдарында).

Шiркеу  — 6:

  • православиелiк — 3 (Явленка, Корнеевка, Петровка ауылдарында),
  • католиктiк — 2 (Корнеевка, Тонкошуровка ауылдарында),
  • протестантизмдiк — 1 (Корнеевка ауылы)
  • Сыйыну үйлерi — 4 (Явленка, Корнеевка, Петровка, Покровка ауылдарында).

Есiл ауданының 2017 жылғы 1 шiлде жағдайындағы әлеуметтiк-экономикалық паспорты

Есiл ауданының 2017 жылғы 1 сәуiр жағдайындағы әлеуметтiк-экономикалық паспорты

Есiл ауданының 2017 жылғы 1 қаңтар жағдайындағы әлеуметтiк-экономикалық паспорты

Есiл ауданының 2016 жылғы 1 қазан жағдайындағы әлеуметтiк-экономикалық паспорты

Есiл ауданының 2016 жылғы 1 сәуiр жағдайындағы әлеуметтiк-экономикалық паспорты

Есiл ауданының 2016 жылғы 1 қаңтар жағдайындағы әлеуметтiк-экономикалық паспорты

Есіл ауданының 2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық паспорты

Ауданның әлеуметтік-экономикалық паспорты 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша

20.07.2017 12:55

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика