Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Әкімшілік || Әкiм орынбасарлары

Әкiм орынбасарлары

Есiл ауданы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы жөнiндегi орынбасары

Әбiлхан Қайназарұлы Бижанов

Әбiлхан Қайназарұлы БижановӘбiлхан Қайназарұлы 1958 жылы 1 желтоқсанда Солтүстiк Қазақстан облысы Совет ауданының Жаңақоныс ауылында дүниеге келген.

1981 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдады

Еңбек жолын Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының Меңкесер ауылында инженер-бақылаушы, Березовка селолық округiнiң әкiмi, Солтүстiк Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының инженер-техникалық инфрақұрылым бөлiмiнiң басшысы болып қызмет атқарды.

2014 жылдың маусым айынан бастап бүгiнгi күнге дейiн Солтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келген.

Жеке табыс салығы жөнiндегi декларация

Жетекшiлiк ететiн мәселелер:

Ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары дамыту мәселелерi жөнiнде орталық атқарушы органдардың аудандық және аумақтық құрылымдарының қызметiн үйлестiредi.

Өсiмдiк шаруашылығы саласын дамыту мәселелерiн үйлестiредi:

  • дәндi-дақылдарды егуде жаңа технологияларды енгiзу мәселелерi;
  • ең қолайлы оңтайлы мерзiмдерiнде және жоғары дәрежедегi агротехникасында дала жұмыстарын өткiзу мәселелерi.

Астықты сақтау жөнiндегi мәселелердi, астық нарығы саласындағы мәселелердi үйлестiредi. Мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелерiн, мал шаруашылығы саласын өңдеу мәселелерiн үйлестiредi. Мал шаруашылығы саласындағы, тұқым iсi саласындағы жаңа технологияларды енгiзу бағдарламаларын жүзеге асыруына бақылау. Ветеринария қызметi мәселелерiн үйлестiредi.

Мыналардың қызметiне жалпы бақылау жасайды:

  • Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi;
  • Жер қатынастары бөлiмi;
  • «Ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК.

Ауыл шаруашылық, агроөнеркәсiп кешенiн дамыту, селолық аумақтарды дамыту бағдарламасы, өндiрiс саласын дамыту, кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi жөнiнде орталық атқарушы органдардың аудандық және аумақтық құрылымдарының қызметiн үйлестiредi. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеу, балық және орман шаруашылығы, табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, жер және су қатынастары, экология мәселелерi, лицензиялау, инфрақұрылым және жаңа технологиялар, сауда, тұқым шаруашылығында жаңа технологияларды енгiзу мәселелерi.

Мыналармен өзара әрекеттеседi:

  • Есiл ауданы бойынша статистика басқармасымен;
  • Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң қоршаған ортаны қорғау Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық басқармасымен;
  • «Есiл мемлекеттiк орман мекемесi» ММ;
  • Ауыл шаруашылығы министiрлiгiнiң аумақтық инспекциясымен;
  • ҚР АШМ ВБ және ҚК аумақтық инспекциясымен;
  • «Продкорпорация» ЖАҚ өкiлдiгiмен;
  • «Достық» несие серiктестiгiмен;
  • «Явленка» метеорологиялық станциясымен;
  • ҚР Ауыл шаруашылық министiрлiгiнiң ауыл шаруашылық дәндi дақылдарын сынау бойынша СҚО ММ инспектурасының Есiл бидай азықтық мемлекеттiк сұрып сынау учаскесiнiң филиалымен;
  • «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министiрлiгiнiң Фитосанитарлық диагностика және болжамдардың республикалық әдiстемелiк орталығы» ММ;
  • Жер ресурастарын басқару және жерге орналастыру мемлекеттiк ғылыми өндiрiстiк орталығы СҚО мемлекеттiк еншiлес кәсiпорны Есiл жер-кадастырлық филиалымен;
  • Есiл тұқымдық сараптамалық пунктiмен (ТСП);
  • «ТрансОйл» ААҚ сақтандыру компаниясының СҚФ.

Мына комиссияларды басқарады:

  • Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы арзандатылған тыңайтқыш алуға және әрбiр тыңайтқыш түрi бойынша шығындарды өтеуге ауыл шаруашылығы тауарлар өндiрушiлердiң тiзiмiн тағайындау бойынша ведомствоаралық комиссияны;
  • Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы әрбiр тұқым шаруашылығы мен әрбiр элиталық тұқым түрлерi бойынша тұқым тұтынушы үшiн субсидия сомасын анықтау үшiн ауыл шаруашылығы тауарлар өндiрушiлердiң жинақтық тiзiмiн тағайындау үшiн ведомствоаралық комиссияны;
  • Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға бюджеттiк субсидия алуға ауыл шаруашылығы тауарлар өндiрушiлердiң жинақтық тiзiмiн тағайындау үшiн ведомствоаралық комиссияны;
  • Жер комиссиясын.

Есiл ауданы әкiмiнiң экономикалық және шұғыл мәселелерi бойынша орынбасары

Қанат Қайырлыұлы Едiресов

Қанат Қайырлыұлы Едiресов1976 жылы 15 қаңтарда Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданы Явленка селосында дүниеге келдi.

1999 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн ғалым-агроном мамандығы бойынша аяқтады, 2005 жылы Астана қаласындағы қаржы полиция академиясын аяқтады, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару академиясын саясаттану магистрі бойынша аяқтады, АҚШ DUKE University университетiн аяқтады.

Еңбек жолын СҚО Ленин ауданы Явленка селосында Лениндiк аудандық ауыл шаруашылық техникасында комбайнер қызметiнен бастады. Петропавл қаласында «Заман» ЖШС Агрохимиялық қызмет орталығында агроном болып жұмыс iстедi. Қазақстан Республикасының Кедендiк органында әскери мiндетiн атқарды. 2008 жылдан 2011 жылға дейiн Покровка селолық округi әкiмi қызметiнде болды.

 
Жеке табыс салығы жөнiндегi декларация

Жетекшiлiк ететiн мәселелер:

Экономикалық жоспарлау және бюджеттiң дамуы және бюджет аралық қарым-қатынас, қаржылық, салық және тариф саясаты, жалақы төлеу, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, қор және сақтандыру нарығын дамыту, жергiлiктi мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру, коммуналдық меншiк және жекешелендiру, мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру, салық және қаржы несие тәртiбiн бақылау, клирингтiк операциялар мәселелерi бойынша орталық органдардың аудандық және аумақтық құрылымдарының қарым-қатынасын үйлестiредi.

Жедел мәселелер және инвестициялық саясаттың мәселелерi, мобилдi саясатты жүзеге асыру, мобилдi жұмысты iске асыру, көлiктiң барлық түрлерi, инженерлi коммуникациялар, тұрғын үй-коммуналдық саласы, коммуналдық саласында тарифтiк саясатты құрастыру, отын-энергетикалық кешенi, қуатпен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету және су шаруашылық iс-шараларды, тұрғын үй және әлеуметтiк-өндiрiстiк инфроқұрылым объектiлердi от жағу маусымына дайындау, елдi мекендердi абаттандыру, сумен қамтамасыз ету төтенше жағдайлар салдарын жою және су шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыру, өндiрiстiк жол учаскесi, телекоммуникациялар, өрт сөндiру қызметi, коммуналдық саласында тарифтiк саясатты құру мәселелерi.

Кәсiпкерлiк саласындағы мемлекеттiк, салалық аудандық бағдарламалардың орындалуына бақылау жасайды. Аудан бойынша кәсiпкерлiктiң және өнеркәсiптiң даму көрсеткiштерiне бақылау жасайды.

Мыналардың қызметiне жалпы бақылау жасайды:

  • экономика және қаржы бөлiмiнiң;
  • құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмiнiң;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң;
  • кәсiпкерлiк бөлiмi.

Мыналармен өзара әрекеттеседi:

  • «Камкор» МКК;
  • «Ақ-Бұлақ» МКК;
  • «Қазпошта» АҚ филиалымен;
  • «Қазақтелеком» АҚ;
  • «СҚО бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы» РМК Есiл аудандық филиалымен;
  • Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментi Есiл аудандық қазынашылық бөлiмiмен;
  • Есiл ауданы бойынша салық басқармасымен;
  • Есiл ӨЖУ;
  • ТЖ жөнiндегi бөлiммен;
  • «Есiл су» РМК;
  • Екiншi деңгейлi банктер филиалдарының есеп-кассалық бөлiмшелерiмен және басқа да қаржылық ұйымдармен;
  • жинақтау зейнетақылық қорлардың филиалдарымен;
  • аудандық электр желiлерiмен.

Мына комиссияларға басшылық жасайды:

  • Ақпараттандыру жөнiндегi комиссияға;
  • Су тасқынына қарсы ведомствоаралық комиссияға;
  • Құрылысы аяқталған қора-қопсысы бар жеке тұрғын үйлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссияға;
  • Тұрғын үй комиссиясына;
  • Бюджеттiк комиссиясына;
  • Әлеуметтiк серiктестiк және әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үштарапты ведомствоаралық комиссияны.
  • Бюджеттiң кiрiс бөлiгiн толтыру жөнiндегi жұмыс тобымен;
  • Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй алуға уақытылы көтерме жәрдемақы ұсыну және әлеметтiк қолдау көрсету бойынша ведомствоаралық комиссияны.

Есiл ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары

Едiл Мейрамұлы Тұтқышев

Еділ Мейрамұлы ТұтқышевСолтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданы Николаевка ауылында 1964 жылы 23 маусымда дүниеге келдi.

Бiлiмi жоғары, 1986 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Кокшетау филиалын «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек қызметiн Червонный кеңшарының ЗАВ-20 машинистi болып бастады. Өзiнiң еңбек жолы кезеңiнде мынадай лауазымдарды атқарды: «Западный» кеңшарының шебер-жөндеушiсi, Қазақстан ЛЖКО Куйбышев аудандық комитетiнiң II хатшысы, «Николаевский» кеңшарының машина-трактор паркiн пайдалану жөнiндегi инженерi, «Николаевский» кеңшарының №4 мал шаруашылығы бригадасының бригадирi, «Алма-Атинский» кеңшарының бас инженерi, «Николаевский» кеңшарының бас инженерi, «Мейрам-Жайык» ШҚ басқарушысы, «Мейрам-Агро» ФҚ басшысы, Николаевка селолық округiнiң әкiмi, «Нұр Отан» партиясының Есiл аудандық филиалы Төрағасының бiрiншi орынбасары.

Осы уақытқа дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң жетекшi маманы лауазымын атқарды.

Отбасы жағдайы: үйленген, төрт баланы тәрбиелеуде.

Жетекшiлiк ететiн мәселелер:

Бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк саланы дамыту, iшкi саясат, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, туризм, тiлдер, ұлтаралық қатынастары, халықты әлеуметтiк қорғау, заң бұзүшылықтың алдын алу, гендерлiк саясат, қылмыстық-атқару жүйесiнiң мәселелерi бойынша орталық атқарушы органдардың аудандық және аумақтық бөлiмшiлерiнiң қарым-қатынасын үйлестiредi.

Бұқаралық ақпарат құралдары, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамсыздандыру, дiни конфессиялар, жастар саясаты, нашақорлық және есiрткi бизнесiмен күрес, демография, кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау, панасыздық және қараусыздық жөнiндегi, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес, туберкулезбен және СПИД iндетi ауруларының алдын алу мәселелерi.

Мыналардың қызметтерiне жалпы бақылауды жүзеге асырады: iшкi саясат бөлiмiнiң; жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң; мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң; бiлiм бөлiмiнiң; дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң; «СҚО Есiл ауданының жұмыспен қамту орталығы» ММ.

Мыналармен өзара әрекеттеседi:

  • Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiммен;
  • Iшкi iстер бөлiммен;
  • ЗТМО Есiл аудандық бөлiмшесiмен;
  • Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi жанындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Явленка орталық аудандық ауруханасы» КМК;
  • кәсiподақтармен;
  • ардагерлер, жастар мен әйелдер ұйымдарымен, партиялармен және қоғамдық бiрлестiктермен, дiни бiрлестiктермен;
  • үкiметтiк емес ұйымдармен;
  • «Есiл таңы», «Ишим» газеттерiнiң редакциясымен;
  • Есiл ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясымен.

Мына комиссиялар мен үйлестiру кеңестерiне басшылық жасайды:

  • Эпидемияға қарсы комиссия;
  • Оралмандарды қабылдау және жайғастыру бойынша комиссия;
  • Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және және есепке алу бойынша ведомствоаралық комиссия;
  • Туберкулезбен күресу жөнiндегi үйлестiру кеңесi;
  • Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi кеңесi;
  • Аз қамтылған отбасылары студенттерiне әлеуметтiк көмек;
  • Аудан әкiмiнiң жанындағы әйелдер iсi және отбасы-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия;
  • Кәмелетке толмағандар iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi;
  • Есiрткi және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi;
  • Қылмыстық жазаларды және басқа да қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын атқаратын, сонымен қатар қылмыстық жазаларын өтегендерге әлеуметтiк және басқа да көмектi ұйымдастыру бойынша комиссия;
  • Есiл ауданы әкiмдiгi жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелерi бойынша ведомствоаралық комиссия;
  • «Родник» сауықтыру лагерiн қабылдау бойынша ведомствоаралық комиссия;
  • Тәртiптi қамтамасыз етуде қатысатын азаматтарға сыйлық беру ведомствоаралық комиссия;
  • «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру ведомствоаралық комиссия;
  • Мүгедектер iстерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
  • «Есiл ауданының үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтасу және өзара әрекеттесу жөнiндегi кеңесi» ведомствоаралық комиссия.

22.06.2016 16:50


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер
Яндекс.Метрика