Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Қазақстандағы жаңалықтар

Президент латын әлiпбиiне көшудiң нақты кестесiн әзiрлеудi тапсырды

Жаңалықтар 12.04.2017

ҚазАқпарат — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың аяғына дейiн ғалымдардың көмегiмен, барша қоғам өкiлдерiмен ақылдаса отырып, қазақ әлiпбиiнiң жаңа графикадағы бiрыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды жүктедi. Ал 2018 жылдан бастап жаңа әлiпбидi үйрететiн мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кiрiсу керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

Президент латын әлiпбиiне көшудiң нақты кестесiн әзiрлеудi тапсырды

«Бiз бұл мәселеге неғұрлым дәйектiлiк қажеттiгiн терең түсiнiп, байыппен қарап келемiз және оған кiрiсуге Тәуелсiздiк алғаннан берi мұқият дайындалдық. Қазақ тiлiнiң әлiпбиi тым тереңнен тамыр тартатынын бiлесiздер», — деп жазды Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетiне шыққан мақаласында.

Осыдан кейiн түркi тiлiнiң даму тарихы жайында айта келе, Алтын Орданың бүкiл ресми құ­жат­тары мен халықаралық хат-хабарлары негiзiнен ортағасырлық түркi тiлiнде жазылып келгенiн атап көрсеттi. Ал Ұлы Далаға Ислам дiнi тарағаннан кейiн руни­калық жазулар бiртiндеп ысырылып, араб тiлi мен араб әлiпбиi тарала бастады. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейiн, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әлiпбиi қолданылды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитетi мен КСРО Халық Ко­мис­сар­лары Кеңесiнiң Президиумы латындан­дырылған жаңа әлiпби — «Бiртұтас түркi ал­фавитiн» енгiзу туралы қаулы қабылдады. Латын әлiпбиiнiң негiзiнде жасалған жазу үлгiсi 1929 жылдан 1940 жылға дейiн қолданылып, кейiн кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әлiпбиден орыс графикасы негiзiндегi жаңа әлiпбиге көшiру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ тiлiнiң әлiпбиiн өзгерту тарихы негiзiнен нақты саяси себептермен айқын­далып келдi.

«Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әлiпбиiне көшуге кiрiсуiмiз керектiгiн» мәлiмдедiм. Бұл — сол кезден барлық салаларда бiз латын қар­пiне көшудi бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай iс қағаздарын, мерзiмдi баспасөздi, оқулықтарды, бәрiн де латын әлiп­биiмен басып шығара бастауға тиiспiз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан бiз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Бiз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажеттi дайындық жұмыстарына қазiрден кiрi­семiз. Үкiмет қазақ тiлiн латын әлiпбиiне көшi­ру­дiң нақты кестесiн жасауы керек. Латыншаға көшудiң терең логикасы бар. Бұл қазiргi заманғы технологиялық орта­ның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХI ғасыр­дағы ғылы­ми және бiлiм беру процесiнiң ерекше­лiк­терiне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тiлiн оқып, латын әрiптерiн онсыз да үйренiп жатыр. Сондықтан, жас буын үшiн ешқандай қиындық, кедергiлер болмақ емес», — деп атап көрсеттi Президент. Елбасы 2017 жылдың аяғына дейiн ғалымдардың көмегiмен, барша қоғам өкiлдерiмен ақылдаса отырып, қазақ әлiпбиiнiң жаңа графикадағы бiрыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектiгiн де жеткiздi. Ал 2018 жылдан бастап жаңа әлiпбидi үйрететiн мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кiрiскен дұрыс деп санайды. «Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдiстемелiк жұмыстар жүргiзiлуге тиiс. Әрине, жаңа әлiпбиге бейiмделу кезеңiнде бел­гiлi бiр уақыт кириллица алфавитi де қол­даныла тұрады», — деп жазды Мемлекет басшысы.


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика