Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Қазақстандағы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездестi

Жаңалықтар 05.04.2017

ҚазАқпарат — Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы өңiрдiң жұртшылық өкiлдерiмен кездестi. Оған еңбегi сiңген ардагерлер, өнеркәсiп кәсiпорындарының жұмысшылары, жастар көшбасшылары, спортшылар, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бiрлестiктердiң жетекшiлерi қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметi.

Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездестi

Елбасы Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiгiн дамытуды көздейтiн мiндеттердiң ауқымды екендiгiн айтты. Қазақстан Президентi тәуелсiздiк жылдарында Маңғыстаудың ел өнеркәсiбiндегi үлесiнiң артқанына тоқталды.

«Өткен жылдарда Маңғыстау облысының экономикасы айтарлықтай өстi. Тәуелсiздiк алған кезден бастап өңiрлiк жалпы өнiм 32 есе көбейiп, 2 триллион теңгеден асты. 7 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. 2016 жылы өңiрге тартылған инвестиция 400 миллиард теңге болды. Бұл — 2000 жылмен салыстырғанда 12 есе артық, — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының елеулi энергетикалық, өнеркәсiптiк және көлiк-логистикалық әлеуетi бар екенiн айтты.

«Еуразияның дәл ортасында орналасқан Қазақстан әрдайым құрлықтағы ел болып саналып келдi. Бүгiнгi таңда бiз құрлық ауқымымен шектелiп қалмай, томаға-тұйықтық шеңберiн бұздық. Ақтауда заманауи теңiз портын салдық, бейнелеп айтқанда, «жолсыз жерден жол аштық», — дедi Елбасы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президентi жүйелi дамудың жарқын мысалы ретiнде «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын атап өттi. Нұрсұлтан Назарбаев шекара маңындағы ынтымақтастықтың маңызы әлеуетiн пайдалану қажеттiгiне тоқталды.

«Қазақстан әрдайым көршiлес елдермен достық қарым-қатынас орнатып келедi. Кеше ғана мен Әзербайжанда болдым. Бұл елмен ынтымақтастықты кеңейту үшiн мүмкiндiктерiмiз мол. Соңғы екi жылдың өзiнде Маңғыстау облысы мен Әзербайжан арасындағы өзара тауар айналымы бес есе өскен. Аймақтарыңыз Қазақстанды жаһандық және өңiрлiк нарықтармен байланыстыратын аса маңызды транзит торабы болып саналады. Бұл орасан зор әлеуеттi толық пайдалана бiлген жөн, — дедi Мемлекет басшысы.

Сонымен бiрге, Қазақстан Президентi өңiрдiң әлеуметтiк саладағы жетiстiктерiн атап өттi.

«Тәуелсiздiк жылдары облыс тұрғындарының саны екi есе өсiп, 640 мың адам болды. Халықтың өмiр жасы да ұзарып келедi. Осы жылдар iшiнде 271 мың бала дүниеге келдi. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткiш болып табылады. Тарихи Отанына 125 мыңнан астам адам оралды. Бұл — тұтас бiр қала. Ширек ғасырда медицина мекемелерiнiң саны екi жарым есе, ал мектептер екi есе артқан. 229 балабақша пайдалануға берiлдi», — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Маңғыстау облысының әкiмi Е.Тоғжанов облыстағы әлеуметтiк-экономикалық жағдай мен оны дамыту перспективалары туралы баяндады. Жұртшылық өкiлдерi сөйлеген сөздерiнде өңiрдi дамыту мәселелерiне ұдайы көңiл аударып, тиiмдi мемлекеттiк саясатты жүргiзiп отырғаны үшiн Мемлекет басшысына ризашылық бiлдiрдi.

Соңында Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың назарын елiмiздiң табысты дамуының кепiлi болып саналатын бiрлiктi, татулық пен достықты сақтау қажеттiгiне аударып, маңғыстаулықтарға зор денсаулық және бақ-береке тiледi.


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер
Яндекс.Метрика