Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Қазақстандағы жаңалықтар

Бүгiнде революциялар өңiн өзгертiп, ұлттық, дiни, мәдени, сепаратистiк перде жамылды — Назарбаев

Жаңалықтар 13.04.2017

ҚазАқпарат — «Егемен Қазақстан» республикалық газетiнде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев бүгiнгi заманда революциялық емес, эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуiне мүмкiндiк беретiндiгiн және қазақстандық қоғам тарихтан сабақ алу қажеттiгiн атап өттi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгiнде революциялар өңiн өзгертiп, ұлттық, дiни, мәдени, сепаратистiк перде жамылды — Назарбаев

«Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр аумағын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айындағы оқиғаға 100 жыл толады. Күллi ХХ ғасыр революциялық сiлкiнiстерге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлттарға мейлiнше әсер етiп, бүкiл болмысын өзгерттi. Әрбiр жұрт тарихтан өзiнше тағылым алады, бұл — әркiмнiң өз еркiндегi шаруа. Бiреуге өзiңнiң көзқарасыңды ерiксiз таңуға ешқашан болмайды. Бiзге тарих туралы өздерiнiң субъективтi пайымдарын тықпалауға да ешкiмнiң қақысы жоқ. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшiн қасiретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды», — деп жазады Президент аталмыш мақалада.

Бiрiншiден, Елбасының айтуынша, ұлттық дамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзiмiзге ғана тән жолы бiржола күйретiлiп, қоғамдық құрылымның бiзге жат үлгiсi ерiксiз таңылды. Екiншiден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бiр ғасырдан берi әлi жазылмай келедi. Үшiншiден, қазақтың тiлi мен мәдениетi құрдымға кете жаздады. Төртiншiден, елiмiздiң көптеген өңiрлерi экологиялық апат аймақтарына айналды. Президент тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайтындығын да атап өтедi.

«ХХ ғасыр Қазақстанға бiрқатар игiлiктерiн де бердi. Индустрияландыруды, әлеуметтiк және өндiрiстiк инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа интеллигенцияның қалыптасуын осыған жатқызуға болады. Бұл кезеңде елiмiзде белгiлi бiр жаңғыру болды. Бiрақ, бұл — ұлттың емес, аумақтың жаңғыруы едi. Бiз тарихтың сабағын айқын түсiнуiмiз керек. Революциялар дәуiрi әлi бiткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлi өзгердi», — деп атап өтедi Мемлекет басшысы.

Мақалада айтылғандай, Қазақстанның кешегi тарихы бұлтартпас бiр ақиқатқа — эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуiне мүмкiндiк беретiнiне көзiмiздi жеткiздi. Бұдан сабақ ала бiлмесек, тағы да тарихтың темiр қақпанына түсетiндiгiмiздi де ескертедi. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбiр қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиiс, дейдi Елбасы.

«Бiрақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретiнде мәңгi тұмшаланудың синонимi емес. Сол себептi, тарихтың ащы сабағын түсiнiп қана қоймай, өзiмiз күнде көрiп жүрген қазiргi құбылыстардан ой түйiп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай бiлу де айрықша маңызды. Бүгiнде революциялар өңiн өзгертiп, ұлттық, дiни, мәдени, сепаратистiк перде жамылды. Бiрақ, бәрi де, түптеп келгенде, қантөгiспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көрiп отырмыз. Сондықтан, әлемдегi оқиғаларды ой елегiнен өткiзiп, қорытынды жасау — қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, бiлiм беру жүйесiнiң де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бiр бөлiгi», — деп түйдi ойын Президент.


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика