Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Қазақстандағы жаңалықтар

Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi ВВС корпорациясымен меморандум жасасты

Жаңалықтар 06.04.2017

ҚазАқпарат — Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның бiрiккен корольдiгiне жұмыс сапары барысында ВВС Worldwide басшылары Шон О Хара және Сергей Становкинмен кездестi. Бұл туралы министрлiктiң баспасөз қызметi хабарлады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi ВВС корпорациясымен меморандум жасасты

Тараптар екiжақты ынтымақтастықтың болашағы мен бiрлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн талқылады. Кездесу нәтижесiнде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi мен ВВС Worldwide корпорациясы арасындағы меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында редакциялық жоспарларды алмасуға бағытталған бiрлескен жобаларды iске асыру, дөңгелек үстелдер өткiзу, ұлттық және аймақтық БАҚ үшiн лекциялар ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанның туристiк және инвестициялық әлеуетiн iлгерiлету жоспарланған.

Сонымен қатар, меморандумда негiзгi бағыты цифрлық эфирлiк хабар таратуға көшу аясында қазақстандық телеарналардың техникалық дамуы бойынша бiрлескен кеңес берудi жүргiзу, ақпарат мен тәжiрибе алмасу болып табылатын жұмыс тобын құру қарастырылады. Еске сала кетсек, ВВС корпорациясы 1920 жылы құрылған, қазiргi таңда БАҚ саласындағы жаһандық көшбасшы медиакорпорацияларының бiрi.


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика