Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Өңір жаңалықтары

Мамыр айында 180 петропавлдық қоныс тойын тойлайды

Жаңалықтар 18.04.2017

Береке шағын ауданындағы мына Орал 30 және 32 мекен жайындағы қос үйдiң құрылысы 2016 жылы басталды. 100 пәтерлiк нысан толық салынып бiтсе, 80 отбасыға арналған екiнiшiсiндегi iшкi әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Мұндағы пәтерлердiң iшi кең. Бiр бөлмелi баспанының аумағы — 44 шаршы метр.

Ақбөпе Тәңiрберген: тiлшi:

— Мен жүрген мына үш бөлмелi пәтердiң аумағы — 86 шаршы метр, биiктiгi — 2,5 метр. Ал, әр шаршы метрi — 115 мың теңге. Мұндай баспананың иесi болу үшiн қанша қаржы керектiгiн ескере берiңiз.

Басты шарт — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнiң салымшысы болу. Баспана сомасының 30 пайызы шотыңызда болса, қалған 70 пайызын 5 пайыздық үстемемен төлейсiз. Екi үйдегi 180 баспананың 140-ы «Нұрлы жер» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша тұрғындарға үлестiрiледi. Бұл ретте сәуiрдiң 12-нен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнiң сайтында өтiнiштер қабыдануда. Қазiрдiң өзiнде 174 терiскейлiк ниет бiлдiрген. Ал, науқан болса мамырдың 9-на дейiн жалғасады.

Алтай Жуанышпаев, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ СҚОФ құрылыс бойынша бас маманы:

— Жүз пәтерлi үй ғой. Оның 50 пайызын банктiң салымшылары алса, қалғанын әкiмдiкте кезекте тұрған кiсiлер алады. Бiрақ олар да банк салымшысы болуы мiндеттi. 04:04 Күн сайын берiп жатыр кiсiлер. 9 мамырға дейiн уақыттары бар. Ниет бiлдiрушiлер көп.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi мамандарының айтуынша нарықтағы бағамен салыстырғанда бұл үйлердiң құны анағұрлым тиiмдi. Егер жеке құрылыс компаниясы баспананың шаршы метрiн 220 мың теңгеге бағаласа, қайталама нарықтағы үйлердiң әр шаршы метрiне 175 мың теңге жұмсайсыз. Банктiң жеңiлдiктерi мен «Нұрлы жер» бағдарламасының тиiмдiлiгi осында. Мұндай оңтайлы мүмкiндiктi пайдаланған 180 петропавлдық мамырдың соңында қоныс тойын тойламақ.

Ақбөпе Тәңiрберген

Ақпарат көзі: mtrk.kz

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімРухани жангыру
Яндекс.Метрика