Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Өңір жаңалықтары

Әдеп жөнiндегi кеңестiң кезектi отырысы өттi

Жаңалықтар 18.04.2017

Құрылысы сонау 2008 жылы басталған Юбилейный көшесi 9 «в» мекен жайындағы баспана тек былтыр ғана қолданысқа берiлдi.

Бiр кездерi құрылысы тоқтап, кейiн тiптi, тұруға жарамсыз деп танылған проблемалы үйде жұмыс жасаған мердiгер компания мен лауазымды тұлғаларға қатысты 2013 жылы iс те қозғалды. Талай шу тудырған нысанда өткен жылдың соңында жұмыстар аяқталса да 2017 жылы тексерiс барысында олқылықтар анықталған.

Ғани Жалби — Петропавл қаласы прокурорының мiндетiн атқарушы:

— Мұндағы жұмыстар толық көлемде жасалмаған. Жобаға сәйкес, бекiтiлуi тиiс үйдiң коллонналары қатайтылмаған. Шаруа баспананың мүлде басқа бөлiгiнде жүргiзiлген. Ал мердiгерлерге қаржы толық мөлшерде берiлдi. Бұған көз жұма қараған Серiк Сабралин өзi комиссия төрағасы бола тұра құжатқа қол қойып жiберген. Сөйтiп, қалалық құрылыс бөлiмiнiң басшысы тәртiптiк заңбұзушылық жасады.

Ал жұмысқа 2013 жылы кiрiскен Серiк Сабралин өз кiнәсiн толығымен мойындап отыр. Ол олқылыққа мердiгер компания өкiлдерi жол бердi дейдi.

Серiк Сабралин — Петропавл қалалық құрылыс бөлiмiнiң басшысы:

— Үйдiң сызбаларын қарастыру кезiнде мердiгер компания өкiлдерi қателiк жiберген. Олар күрделi жөндеу жүргiзу керек болған коллоналардың сызбасын жасау кезiнде астына қарай түсiрiп жiберген. Бiрақ, олар қаңтар айында сол 3 коллоннаны күшейту жұмыстарын өз қаржысына жасап, олқылықтың орнын толтырды.

Қалалық құрылыс бөлiмiнiң басшысы тағы мемлекеттiк сатып алулар кезiнде келiсiмшарттың мерзiмiн негiзсiз ұзартқаны үшiн де кеңес мүшелерiнiң назарына iлiккен. Сондықтан, екi рет қателiк жiберген Серiк Сабралинге қызметiне толық сай емес деген ұсыныс жасады. Бiрақ, алдағы уақытта мұндай маңызды жайттар кезiнде абай болу керектiгiн ескерттi.

Магжан Ахмадина

Ақпарат көзі: mtrk.kz

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсыРухани жангыру
Яндекс.Метрика