Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Баспасөз қызметі

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Ешкiм де қайғысымен жеке қалмайды»

Жаңалықтар 19.04.2017

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Ешкiм де қайғысымен жеке қалмайды»

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Шарық өзенiнiң деңгейi көтерiлуiнен су арнасынан шығып 157 үйдi басқан үш елдi мекенде болды. Онда дүйсенбiден берi төтенше жағдай.

Рузаевка ауылында облыс әкiмi судан зардап шеккен жергiлiктi тұрғындармен кездестi.

— Ешкiм де өз мәселесiмен жеке қалмайды. Комиссия жұмыс iстеп жатыр, олар әрбiр үйде болды. Қазiр бiз шығынның көлемiн анықтауымыз керек, өтемақы бойынша мәселе сосын шешiледi. Сiздердiң мәселелерiңiздi шешуге көмектесетiнiмiздi бiлулерiңiз керек. Қазiр қоғамдық ұйымдардың шоттарына ақша түсе бастады, барлық жақтан көмек келуде. Аз уақыттың iшiнде барлығына өтемақы төлеймiз және көмектесемiз, — дедi Құмар Ақсақалов.

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов осы жерде қалыптасқан жағдайды байқау үшiн Астанадан арнайы келгенiн де атап айтты өңiр басшысы зардап шеккендермен әңгiме барысында.

— Жағдайды бақылауда ұстаймыз деп сiздердi сендiремiн. Барлық мәселелерiңiз ескерiлетiн болады. Сiздер үшiн ауданның, облыстың басшылары, Қазақстанның барлық өңiрлерi алаңдап отыр, — дедi Фархад Қуанғанов

Облыс әкiмi өтемақы төлеудiң жағдайы туралы да айтып өттi.

— Сiздер тұратын орындар дайындаймыз және бiр жарым айдың iшiнде ақша мәселесiн шешемiз. Онда анықталған тәртiп бар. Сақталуға тиiс ереже мен белгiленген комиссия бар, келтiрген залалды анықтауға шыншылдықпен қараймыз. Ақшаға келетiн болсақ, оны бөлiп бермеймiз, бiрден төлеймiз. Үйлерi толық бұзылған тұрғындарға тұрғын үйдiң құны өтелетiн болады, бағалау комиссиялық тұрғыда болады, — дедi Құмар Ақсақалов.

Көптеген тұрғындар жергiлiктi атқарушы органдарға, құтқарушылар мен полиция қызметкерлерiне, табиғи апатты жеңуге көмек көрсеткендердiң барлығына және оның зардаптарын жоюға көмектесiп жатқандарға алғыстарын бiлдiрдi.

Рузаевка ауылының тұрғындарын су тағы да келедi деп тынышсызданудың қажетi жоқ екендiгiне сендiрдi. Үйлерi сау қалғандар баспаналарына оралып, малдары мен мүлiктерiн әкелуi қажет.

— Бағалау өткеннен кейiн бiз тағы келемiз. Жиналып, әңгiмелесетiн боламыз. Шешiлмейтiн мәселе болмайды, бастысы — абыржымау, үрейленбеу керек. Барлығы жақсы болады, — дедi Құмар Ақсақалов.

Сапар соңында облыс әкiмi барлық көшелермен жүрiп, су тасқыны солтүстiкқазақстандықтарға қандай қасiрет әкелгендiгiн байқады.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Ешкiм де қайғысымен жеке қалмайды»


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика