Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Баспасөз қызметі

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов IIД ардагерлерiн құттықтады

Жаңалықтар 21.04.2017

Глава региона Кумар Аксакалов поздравил ветеранов ДВД СКО

Петропавлда Қазақстандағы ардагерлер қозғалысының басталған күнiне 30 жыл толуына арналған салтанатты шара өттi.

Iшкi iстер департаментiнiң ардагерлерiн Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады. Ол полиция қызметкерлерiнiң аға ұрпағы — үздiк жауынгерлiк және еңбек дәстүрлерiн үлгi етушiлер екендiгiн атап айтты.

«Сiздер ұрпақтар арасындағы байланысты жүзеге асырасыздар, жас қызметкерлерге баға жетпейтiн өз тәжiрибелерiңiздi бересiздер. жастарды тәрбиелуге тiкелей араласасыздар. Қазiргi кезде көршi Ресейде тұрып жатқан iшi iстер бөлiмдерiнiң ардагерлерлерiн көруiмiз, шекаралас Омбы. Түмен, Челябi облыстарының, Мәскеу мен Ханты-Мансийск қалаларының ардагерлерк еңесi төрағаларының тiкелей қатысуы қуанарлық жағдай. Бiздiң елдерiмiздi уақыттың сынынан өткен достық қатынастар байланыстырады. Аға ұрпақтың лайықты өмiрiн қамтамасыз ету — бiздiң елiмiзде ерекше назар аударылып жатқан мiндет»,- дедi облыс әкiмi.

Өңiр басшысы жергiлiктi атқарушы органдар үшiн ардагерлер бiрлестiгi — әртүрлi мәселелердi шешудегi сенiмдi одақтас екендiгiн атап айтты.

«Iшкi iстер департаментiнде ардагерлерге деген құрмет — басшылықтың ерекше бақылауында екендiгi құптарлық-ақ жағдай. Аудандық ардагерлер кеңесi төрағаларының жұмысы үшiн жағдай жасалған, ведомстволық санаторийлерде тегiн емделу мүмкiндiгi берiлген, медициналық бақылау қамтамасыз етiлген»,- дедi Құмар Ақсақалов.

Сөзiнiң соңында Құмар Ақсақалов IIД ардагерлер қозғалысына қатарларын нығайта түсудi және облыс тұрғындарының игiлiгi үшiн атқарып жатқан iстерiне жетiстiк тiледi.

Iшкi iстер органдарының қалыптасуы мен нығаюына сiңiрген көп жылғы қажырлы еңбектерi және ардагерлер қозғалысының басталғанына 30 жыл толуына орай Ұлы Отан соғысы мен iшкi iстер органдарының ардагерлерi Андрей Плешаков пен Никита Семенов облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасымен марапатталды. Iшкi iстер органдарының ардагерлерi Әбдiрахмен Тоқышев пен Юрий Киселев Алғыс хатқа ие болды.

Салтанатты шара СҚО IIД мәдени орталығының шығармашылық ұжымы әзiрлеген мерекелiк концертпен жалғасты.

 

Глава региона Кумар Аксакалов поздравил ветеранов ДВД СКО

Глава региона Кумар Аксакалов поздравил ветеранов ДВД СКО

Глава региона Кумар Аксакалов поздравил ветеранов ДВД СКО

Глава региона Кумар Аксакалов поздравил ветеранов ДВД СКО

Глава региона Кумар Аксакалов поздравил ветеранов ДВД СКО


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика