Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Баспасөз қызметі

Құмар Ақсақалов « Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалының төрағасы болып сайланды

Жаңалықтар 19.04.2017

Петропавлда Солтүстiк Қазақстан облысындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының 26 кезектен тыс конференциясы өтiп, өңiрлiк партиялық ұйымның жаңа басшысы сайланды. Ол облыс әкiмi Құмар Ақсақалов. Жаңа басшысыны өңiрдiң партиялық активiне «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов таныстырды.

Конференция мүшелерi ұсынылған кандидатураны бiрауыздан қолдады. Өз кезегiнде филиалдың жаңа төрағасы Құмар Ақсақалов партиялық активтiң алдында бiрқатар мiндеттердi жүктедi.

«Мен партия алдында тұрған мiндеттердi бiлемiн, партияда 5 жыл қызмет еттiм, тәжiрибем бар. Бiздiң бiрлесiп жасайтын бiрқатар мiндеттер мен жұмыстар бар. Бiз қоғамдық бақылауды күшейтуiмiз қажет», — дедi Құмар Ақсақалов.

Ең алдымен, бұл партия мүшелерiнiң артуы, партия қатарына бизнес және шаруа қожалықтары басшыларын тарту, сондай-ақ партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен белгiленген мiндеттердi дәл және уақтылы жүзеге асыру.

Бұдан басқа, конференция қатысушылары Солтүстiк Қазақстан облысының партиялық ұйымының 2017 жылдың 1 тоқсанындағы жұмысының қорытындыларын талқылады. Партия төрағасының бiрiншi орынбасары Артур Молдағұлов өз баяндамасында, бүгiнде филиал мемлекеттiк және үкiметтiк бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылайтынын, Президенттiң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын түсiндiру мен талқылауға белсендi қатысатынын атап өттi. Қоғамдық қабылдау бөлмесi мен партиялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына ерекше көңiл бөлiнедi.

«Жыл басынан берi филиалдардың қоғамдық қабылдау бөлмелерiне азаматтардан 856 өтiнiш келiп түстi. Ең өзектiлерi — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтiк қамтамасыз ету мен жұмыспен қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы партиялық бақылау комиссиясы мен қоғамдық кеңесiмен 8 ұсыным мен шешiм шығарылды. Жылдың бiрiншi тоқсанында партиялық жобалардың аясында 289 iс-шара өткiзiлдi, iс-шараларға 5738 адам қатысты. Бұл жұмыс ең алдымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерi, жалғызбасты қарт адамдар, мүмкiндiгi шектеулi адамдар, жастар, жетiм және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылардың мәселелерiн шешу үшiн бағытталған», -дедi Артур Молдағұлов.

«Халық сенiмiн күнделiктi ақтау қажет. Партия — бұл қоғамдық пiкiрдi қалыптастыратын қуатты күш. Бiз жағдайды бақылауды ұстауымыз қажет. Мен сiздердi бұл жұмысқа белсендi қатысуға шақырамын. Бiз халық алдында жасалған жұмыстар бойынша үнемi есеп беруiмiз қажет», — дедi Құмар Iргебайұлы.

Конференция соңында конференция қатысушылары партия филиалының өңiрлiк саяси кеңесi мен саяси кеңес бюросының жаңа құрамын сайлады.


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика