Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Ауданның әлеуметтік саласын дамыту

27.04.2017

Бүгiн Қазақстан халқының Бiрлiгi күнiн мерекелеу қарсаңында салтанатты түрде «Вирвите» литва этномәдени бiрлестiгiнiң ашылуы өттi.

Iс-шараға аудан әкiмi Мұратбек Әбiшев қатысты.

«Бiздiң көпұлтты елiмiзде тұратын барлық этностардың бейбiтшiлiк және достық символы болған, тамаша Мереке — Қазақстан халқының бiрлiгi күнi қарсаңында «Вирвите» этномәдени бiрлестiгiнiң ашылуының терең символдық мәнi бар. Барлық қатысушыларға бейбiтшiлiк, жақсылық, бақыт және өзара түсiнiстiк тiлеймiн! Келе жатқан Қазақстан халқының бiрлiгi Мерекесi құтты болсын!

Лентаны салтанатты кесу құқығы аудан әкiмi Мұратбек Әбiшевке және этномәдени бiрлестiгiнiң басшысы Лушпай Мария — Альдона Ивановнаға берiлдi.

Заградовка ауылдық округiнде Қазақстан халқының бiрлiгi күнi қарсаңында «Заграда» украин этномәдени бiрлестiгiнiң ашылуы өттi. «Заграда» украин этномәдени бiрлестiгiнiң басшысы Нина Шоль өткiзiлген экскурсия барысында украин этносының тұрмысы, олардың салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпы туралы әңгiмелеп бердi.

Атап өту қажет, этномәдени бiрлестiктерi қызметiнiң негiзгi бағыттары ұлттық мәдениеттi сақтау және дамыту, ауданда тұратын этностардың бейбiтшiлiк және ұлтаралық келiсiмдi нығайту болып табылады.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімРухани жангыру
Яндекс.Метрика