Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Әкімдік отырысы

24.04.2017

Бүгiн аудан әкiмi Мұратбек Әбiшевтiң төрағалығымен әкiмдiк отырысы өттi.

Отырыс шеңберiнде бiр қатар мәселелер қаралды.

«2016 жылдың қорытындысы бойынша Есiл ауданының автомобиль жолдарын күтiп ұстау және жөндеу бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмысы және 2017 жылға арналған жоспары» тақырыбы бойынша ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң басшысы Қайрат Имантаев баяндады.

Атап өтiлгендей, «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде, ауылдық округтерде кентiшiлiк жолдарды тегiстеп жөндеу, жаңа материалды қосу арқылы жөндеу жұмыстары өткiзiлдi. «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы шеңберiнде бiрнеше ауылдық округтерде кентiшiлiк жолдарды жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Сонымен қатар, аудан округтерiнде АШТӨ-нiң күшiмен жолдардың сапасын жақсарту бойынша iс-шаралар өткiзiлдi.

Қысқы уақытта автожолдарды қар борасынан «Петропавл Жолдары» ЖШС, «Қамқор Есiл» ЖШС және әлеуметтiк әрiптестiк шеңберiнде ауылдық округтер аумағында негiзделген ЖШС, ШҚ техникасы тазартты.

Жазғы каникул кезеңiнде балаларды сауықтыру демалысы, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы аудандық бiлiм бөлiмiнiң басшысы — Гүлжиян Ташмақанова баяндады.

Жоғарыда айтылғандай, қазiргi уақытта «Родник» сауықтыру лагерiнде 1-10 сыныпта бiлiм алушылардың жазғы демалысын қамтамасыз ету үшiн жұмыстар жүргiзiлуде.

Сонымен қатар, 39 жалпы бiлiм беретiн мектептерi жанында ұйымдастырылған тамақтанумен мектеп жанындағы сауықтыру алаңдары жұмыс iстейтiн болады.

Үшiншi мәселе бойынша «Ормандағы өрттердiң алдын алу бойынша iс-шаралардың орындалу барысы және 2016 жылы ауданның мемлекеттiк орман қорының аумағында оларға қарсы күрес» туралы «Есiл орман шаруашылығы» КММ басшысы Валерий Соколов сөз сөйледi.

Ол орман өрттерiн алдын алу мақсатында 2016 ж. өткiзiлген iс-шаралар туралы баяндады.

Кеңес соңында аудан әкiмi Мұратбек Әбiшев бiр қатар тапсырмалар бердi.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика