Рус | Қаз
Новости RSS  RSS

Торанғұл селолық округi

Торанғұл селолық округі әкімінің Қ.қуандықовтың «2009 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2010 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан

Қазақстан өмірінде өткен 2009 жыл маңызды оқиғалармен атап өтілді Біздің еліміздің ең үлкен жетістіктерінің бірі — гректер жағы Афинада өзінің ЕҚЫҰ-да төрағалық етуінің қорытындысын шығарып өзінің өкілеттігін Қазақстанға тапсырды.

Біздің қоғамымыздың демократиялануы жалғастырылуда, азаматтардың саяси белсенділігі өсуде. Бұл бізге әлеуметтік бағдарламаларды: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, тұрғындарды әлеуметтік қорғауды дамыту бойынша табысты орындауға мүмкіндік туғызды.

Торанғұл селолық округ аймағында төрт елді мекен бар. Округте машина-тракторлық парктің техникалық қайта жаңартылуы белсенді жүзеге асырылуда. Тек осы жылы жаңа техниканың 6 бірлігі 120,9 млн. теңгеге алынды.

Қазақстан Республикасы Елбасының ең негізгі қойған мақсатының бірі — мал шаруашылығын дамыту.

Мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу көлемі ұлғаюда. Петропавл қаласындағы жәрменкелерде өз өнімдерін сатуға тұрғындардың мүмкіндіктері бар. Барлығы жылына біздің округ 24 рет ауылшаруашылық жәрменкелерге қатысып, 2 млн. теңге көлемінде өнімдерін өткізді. Селолық округте малды қолдан ұрықтандыру 2 пункті бар. «Азия-Торанғұл» ЖШС-нің диірмені күніне 15-тонналық өнімділікпен, сондайақ шағын наубайхана күніне 300 бөлке өнім көлемімен жұмыс істейді,1 бөлке нанның құны — 30 теңге.

Округте 10 шағын субъектілері тіркелген. 2009 жылы Двинск селосында ЖК «Ибраев» күнбе-күнгі сұраныс дүкені ашылды. Селолық округте 150 номерлермен телефон станциясы қызмет істейді.

«СҚО ауылшаруашылыққа қаржылық қор көмегі» АҚ-ы филиалынан 2008 жылы қолғайшы шаруашылығын үлкейту үшін 1 шағын несие 400 мың теңге көле-мінде берілді.

Округ бойынша шағын бизнесте 16 адам айналысады.

«Жасыл ел» Президенттік бағдарламаның жүзеге асуы бағдарында 2009 жылы 300 бұталар отырғызылды. Денсаулық сақтау, білім беру, өндіріс объектілерінің жерлеріне көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Жол үстінің шұңқырларын жөндеу үнемі тегістеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бюджеттік қаржыдан көшелерді жарықтандыру үшін 10 шамасында, оның 7-уі Двинск селосында орнатылды. Барлығы 31 шам орнатылды. 2010 жылы селолық округ көшелерін жарықтандыру жалғастырылады.

Білім беру бағдарламасымен дамыту қарастырылып, материалдық-техникалық базасының дамуы, білім беруді ұйымдастыруы, білім берудің сапасын арттыруы үшін жаңа технологияларды енгізуге алдын ала жағдай жасалды. Селолық округте 2 мектеп қызмет етеді, барлығында телефон байланысы орнатылған. Мектептер Интернет желісіне қосылған.

Жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша және аз қамсыздандырылған азаматтардың негізгі жұмыстары жүргізілу-де. «Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өткен жылы ММӘК 6 отбасына 112,3 мың теңге және 18 жасқа дейінгі балаларға 20 отбасына (41) адамға 356,6 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы көрсетілді. Тамақтандыруға 1 отбасына (3 адамға) қосымша әлеуметтік көмек 11,5 теңгеге бөлінді.

2009 жылы жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 69 адам жұмысқа тұрғызылды. Тұрақты және уақытша қоғамдық жұмыстарға 9 адам қамтылды. 1 әлеуметтік орын құрылды, 1 адам кәсіптік үйретуден өтті.

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы кезінде көмекпен 153 зейнеткерлер мен мүгедектер 390 мың теңгеге қамтылды. Барлығы өткен жылы 404,5 мың теңге мөлшерінде азаматтарға қайырымдық көмек көрсетілді.

Округте дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, егу, емдеу тісті емдеу кабинеттері жұмыс істейді. Барлық медициналық мекемелер дәрілермен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Двинск селосында дәрігерлік пункт жұмыс істейді.


С дипломомом в село

Есiл ауданы әкiмiнiң ресми сайты