Рус | Қаз
Новости RSS  RSS

Алматы селолық округi

Алматы селолық округi әкiмi М. Қыдыбековтың «2008 жылы округтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептiк баяндамасынан

Қазақстан Республикасы Президентiнiң халыққа Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттiк саясаттың басты мақсаты» бiздiң қоғамның кезектi iлгерi дамуының белгiсi екенiн көрсеттi.

Жолдауда Президент қоғамды қол жеткiзген жетiстiктермен хабардар еткiзiп, ел алдына қойылған негiзгi стратегиялық жоспарларды айқындады.

Елбасының 6 сәуiр 2005 жылғы «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кезде-сулерiн өткiзу туралы» Жарлығына сәйкес екiншi жыл селолық округ әкiмдерi халық алдында есептi кездесуле-рiн өткiзедi.

Округ әкiмiнiң аппараты өзiнiң ұйымдық-саяси жұмыстарын, алға қойылған мiндеттердi негiзге ала отырып жүргiзедi.

Денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет және халықты әлеуметтiк қорғау салаларында айтарлықтай жетiстiктер болды, әлеуметтiк бағдарламалар орындалды. 2008 жылғы жоспарлар орындалды, 2009 жылға жаңа мiндеттер қойылды.

Округ көлемiнде ауылшаруашылық өндiрiспен iрi агроқұрамалар айналысады. Иелiктерiнде жаңа техникалар мен технология, жеткiлiктi қаржы-лық қорлары бар. Егiн шаруашылығының ұтымды құрылымы жасалды, дәндi дақылдардың сапалы тұқымдары ғана егiледi.

2009 жылы дәндi дақылдар 12700 га егiстiк алқапқа егiледi, жемазық дақылдары — 280 гектар егiстiк алқапқа егiледi. Машина-трактор паркiн жақсартумен негiзiнен iрi агроқұрамалар айналысуда.

Мал шаруашылығымен жеке үй шаруашылықтары айналысады. Олардың иелiгiнде 1668 бас iрi қара, соның iшiнде 660 сиыр, 2000 қой-ешкi, 645 жылқы, 4100 құс бар. Қара малдың саны 112 басқа, жылқының саны — 32 басқа, қой-ешкiнiң саны — 149 басқа ұлғайды. Мал шаруашылығының өр-кендеуiне барлық мүмкiндiктер бар, яғни 938 га жер шабындық, 4356 га жер жайылым, су көздерi 60-тан астам тракторлар, шөп машиналары, тiркемелер бар. Мал басын асылдан-дыру бағытында округте 2 елдi мекен-де қара малды ұрықтандыру, жаңа құралдармен жабдықталған пункттерi бар.

2008 жылы 168 бас сиыр асыл тұқымды iрi қара малдың тұқымымен қолдан ұрықтандырылды, 2009 жылы бұл жұмысты 270 басқа жеткiзу көзделген .

Жеке шаруашылықтарда ауыл-шаруашылық өнiмдерiн сатып алуға жағдай жасалынады. 2008 жылы 212 тонна сүт, 74 тонна ет өнiмдерi, 340 дана терi өнiмдерi сатып алынды. Петропавл қаласында өткiзiлген жәр-менкелерде 1 млн. 700 мың теңгенiң өнiмдерi өткiзiлдi.

«СҚО ауылшарушылыққа қаржылық қор көмегi» АҚ-ы филиалы арқылы жеке және қосалқы шаруашылықты дамыту үшiн 1,7 млн. теңге шағын несиенi 8 отбасы алды. Мал шаруашылығымен айналысу негiзгi табыс көзi, өзiн-өзi қамту болып табылады. Осы мақсат үшiн округ бойынша 570 тонна шөп, 300 тонна сабан, 260 тонна жемазық қоры дайындалды.

Селолық округ бюджетiнiң қалыптасуы жергiлiктi салық жинау жұмысы 100 % орындалды, мүлiк салығы — 79264 теңгенi, жер салығы — 79137 теңге, көлiк салығы — 262392 теңгенi құрады.

Селолық округте 1 орта, 2 негiзгi мектептер жұмыс iстейдi. Мектептерде телефон орнатылған, Интернет желiсiне қосылған. 2008 жылы Өрнек орта мектебiнiң жылу жүйесi жөнделдi, ауылшаруашылық құрылымдары есебiнен 85000 теңге қаржылай көмек көрсетiлдi.

Жаз айларында сауықтыру алаңдарында балалар демалады, «Родник» сауықтыру лагерiнде 8 бала демалып келдi. Оқу-тәрбие жұмысында Е. Зiкiбаев атындағы Өрнек орта мектебiнiң ұжымы айтулы нәтижелерге қол жеткiзiп келедi. Бiрыңғай ұлттық тестiлеудiң қорытындысы 78 баллды құрайды. Асылжан Қыдыбекова «Алтын белгi» таңбасы иегерi атанды. Барлық мектептерде оқушыларға ыстық ас дайындалады. Өрнек орта мектебiнде «Жас дәурен» ұлттық аспаптар оркестрi жұмыс iстейдi.

Жоғары бiлiмдi ұстаз-музыкант Зәмзагүл Талапкерқызы Рәхiмова шығармашылық тәлiм-тәрбиесiнiң, iзденiсiнiң жемiсi. Оқушылары «Әншi», «Термешi», «Жыршы» номинациялары бой-ынша аудандық, облыстық байқаулардың жеңiмпаздары атанды.

Көп жылғы бiлiм саласындағы еңбе-гi, жетiстiктерi үшiн Өрнек орта мектебiнiң тарих пәнiнiң мұғалiмi Қуаныш Жаманшалұлы Қыдыбеков бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығына сәйкес Кұрмет грамотасымен марапатталды. Мектеп негiзгi мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi Қалижан Алпысбайұлы Тәшкенов Тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында Елбасы Жарлығына сәйкес Президенттiң Құрмет грамотасымен марапатталды.

3 селолық кiтапхана халыққа қызмет көрсетедi, кiтап қоры 9200 данадан асады. Кiтапхана қызметкерлерi мемлекеттiк мерекелердi, әр түрлi мәдени шараларды өткiзуде әрқашан белсен-дiлiк танытады.

Денсаулық сақтау орындары маманданған кадрлармен қамтамасыз етiлген, телефон байланыстары орнатылған. Өрнек ауылындағы фельдшерлiк пунктi күрделi жөндеуден, Мек-теп, Жарғайын ауылдарындағы фельдшерлiк пункттер ағымдағы жөн-деуден өткiзiлген, жаңа медициналық құрал-жабдықтар әкелiнуде. Кезектi кесте бойынша елдi мекендерде аудандық және Ильинка отбасылық-дәрiгерлiк амбулаториясының дәрi-герлерi халыққа қызмет көрсетедi. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 440 түп ағаш отырғызылды.

Өмiр сүру деңгейi төмен және әлеу-меттiк жағынан аз қамтылған халыққа көмек беру негiзгi көрсеткiшi болып табылады. Жыл басынан берi 53 жұмыс орны ашылды, соның iшiнде ауыл шаруашылығында — 6 адам, жеке кәсiпкерлiкте — 4 адам, жұмыс берушiлердiң тапсырысы бойынша — 15 адам, басқа салаларда — 10 адам.

Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнестi қолдау мақсатында үлкен iс-шаралар атқарылуда: салық мөлшерiнiң азаюы, несие қорларына қол жеткiзудiң жеңiлдетiлген түрлерi, тексерiс түрлерiнiң азаюмен шектелуi. Округ көлемiнде 5 дүкен халыққа қызмет көрсетедi, 2 микроавтобус жолау-шылар тасымалдаумен айналысады, ветеринарлық врач-лицензиат, 2 ша-руа қожалығы, 1 фермер қожалығы, 1 жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi жұмыс iстейдi. Негiзгi азық-түлiк бағаларын 15 пайыздан артық өсiрмеу туралы келiсiм жасалды. Есiл ауданы-ның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi арқылы Жарғайың ауылында дүкен ашу үшiн 100 мың теңге шағын несие алынды. 2009 жылы жаңа дүкен үйi салынып, шағын автобус халыққа қызмет көрсетедi.

2008 жылы 5 тұрғын үй күрделi жөн-деуден өттi, жалпы көлемi — 350 шаршы метр. Елдi мекендерiнiң халқы ауыз суды 2 ұңғымалы скважина және 2 шахталық құдықтан алады. 2009 жылы халықты таза ауыз сумен қам-тамасыз ету бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен магистралдық су жүйесiн қалпына келтiру үшiн Өрнек ауылына 35 млн. теңге, Жарғайын ауылына — 17 млн. теңге қаржы бөлiндi. Автомобиль жолдары 2008 жылы Ильинка-Мектеп бағытындағы жолға 500 тонна құм төселдi.

Байланыс жүйесi 50 нөмiрлi АТС iстейдi, 6 радиотелефон, ұялы байланыс iстейдi. 2008 жылдың желтоқсан айында жаңадан Мектеп ауылында — 30 телефон байланысы, Жарғайын ауылында 15 телефон байланысы орнатылып, халықтың үлкен ризашылығын туғызды. Бұл жұмыс одан әрi жалғасады. Байланыс сапасы жақсы .

Өмiр сүру деңгейi төмен және әлеуметтiк жағынан аз қамтылған халыққа көмек беру негiзгi көрсеткiшi болып табылады. Жыл басынан берi 53 жұмыс орны ашылды, соның iшiнде ауыл шаруашылығында 6 адам, жеке кәсiпкерлiкте — 4 адам, жұмыс беру-шiлердiң тапсырысы бойынша — 15 адам, басқа салаларда — 10 адам. Жаңа жұмыс орындарына — 16 адам, уақытша жұмыс орындарына 2 адам орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейi 0,2 % құрайды. 2008 жылы 9 отбасы 543958 теңге мөлшерiнде мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алды, 75 отбасы 18 жасқа дейiнгi балалары үшiн 2 млн. 12137 теңгенiң мемлекеттiк жәрдемақысын алды. 2008 жылы 4 жұмыссыз адам өздерiнiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн арттыру үшiн қайта даярлау курстарында болды. Астана қаласына авиатурмен «Алтын алқа» иегерi, көп балалы ана Барқыт Жолдыбаева жiберiлдi. 2008 жылы бiздiң мемлекетiмiз үшiн берекелi айтулы оқиғаларға толы болды. Бiз өз жұмысымызды халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылдарымыздың көркеюi бағытында жалғастырамыз.


С дипломомом в село

Есiл ауданы әкiмiнiң ресми сайты